Отбасы

Зектілері

"Жақсы сөз - жарым ырыс": сүйіктіңізге еш уақытта айтуға болмайтын 10 тіркес

Жарияланған күні:

Ренжісіп қалған ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет
Ренжісіп қалған ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Жақсы сөз - жарым ырыс". Кейде сүйіктіңізге айтуға болмайтын сөздер бар. Егер бұл сөздерді аңдамай айтып қойсаңыз, сіз оның көңілін суытып, қарым-қатынасыңыз ойламаған жерден тоқтауы мүмкін. Бүгінгі материалда сүйіктіңізге ешқашан айтуға болмайтын 10 тіркес жайлы айтатын боламыз.

Келесідей сөздер махаббатыңыздың күл талқанын шығарады: "Сен әрқашан..." немесе "Сен ешқашан...", "Ал менің бұрынғы сүйіктім...", "Сені енді жақсы көрмеймін", "Сен кінәлісің", "Сен мен үшін барымсың", "Ал мен айтқанмын", "Жыныстық қатынасқа түсуге болмайды", "Сен - нөлсің", "Саған жаттығу залына бару керек", "Бос сөз сөйлеме".

Сен әрқашан..., сен ешқашан...

"Сен әрқашан..." немесе "Сен ешқашан" тіркестері жағымсыз сарында айтыла беретін болса, жұбыңыздың сіз үшін жасаған бұған дейінгіжақсылығын жоққа шығарып, оның өзін бағалауын төмендетіп жіберуі мүмкін. Мысалы: "Сен ешқашан қоқысты шығармайсың" деп айтудың өзі реніш тудырады. Себебі ол сирек болса да, бұл істі атқарып жүрген болуы мүмкін. Ең ауыры, келесіде ол қоқысты расымен де шығармай қоюы мүмкін.

Сіз бұл тіркесті басқаша жеткізіңіз. Мысалы: "Жаным, сенің маған көбірек көмектескеніңді қалар едім. Жалғыз өзіме қиын болып жатыр. Қоқысты шығара салшы, өтінемі!".

Психолог Аллана мен Барбара Пиздан ерлерге кеңес: "Әйелдерге диванда бос жатқан дене емес, көмек көрсетуге дайын тұратын еркектер көбірек ұнайды".

Ал менің бұрынғы сүйіктім...

Қазіргі сүйіктіңізді экс жұбыңызбен ешқашан да салыстырмаңыз. Салыстыру арқылы сіз көзге көрінбейтін үшбұрышты қолжан жасап аласыз. Ал ол екі жаққа да ұнамайтыны сөзсіз. Арақатынаста тек екі адам болу керек екенін ұмытпаңыз. Тіпті Ален Делон немесе Моника Беллуччимен салыстыруда да абай болыңыз. Әр адам жеке тұлға және оның кез келген жұлдыздан да артықшылығы әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сол артықшылықты уақытында байқап, әрқашан сонымен мақтап отырыңыз. Өткенмен емес, бүгінмен өмір сүріңіз.

Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сені енді жақсы көрмеймін

Бұл тіркесті тіпті ажырасу процесі кезінде де айту дұрыс емес. Сот үшін бұл - аргумент емес. Күйеуіңіз сізге қымбат әшекей сыйламаса немесе достарыңызбен ұзақ отырыстарға әйеліңіздің қарсылығы болса, бұл тіркесті қолданбаңыз. Эмоцияға беріліп бір-біріңізге ауыр сөз тигізуге емес, түсінісіп, мәселенің шешімін табуға тырысыңыз. Арақатынас құру фехта жолы емес, мұнда ауыр сөз айтқаныңыз үшін сізге ешкім ұпай сыйламайды. Керісінше, әрбір ауыр сөзден кейін арақатынасты сақтап қалу қиынға соғады.

Сен кінәлісің

Жұбыңыз шынымен кінәлі болса да, оған қолдау көрсетіп, сенім білдіріңіз. Бір-бірін шын сүйетін жандар әрдайым көмектесуге дайын болады. Егер сенімді жоғалтып, қарым-қатынасты тоқтатқыңыз келсе онда бір-біріңізді кінәлап, жауапкершілікті басқаға артып қойып үйреніңіз. Психолог Патрисия Лав пен Стивен Стосна ажырасудың басты себептерінің бірі - сенімнің жоғалуы деп жазады.

Сен мен үшін барымсың

Романтикаға толы жандар сезімге толығымен беріліп, сүйікті жігіттеріне: "Сен мен үшін барымсың!" деп айтуға құмар. Бұл сөз кез келген ер ааматқа ұнайтыны сөзсіз. Бірақ ол арқылы, әйел өзін мүлдем бағаламауға болатындай етіп көрсетеді. Әр әйелдің жеке қызығушылығы, мақсаттары болуға тиіс. Еріне толық мойынсұнған әйел көп ұзамай қызықсыз болып қалуы мүмкін.

Мен айтып едім ғой?!...

Бірінші болу қашан да жақсы, бірақ арақатынаста бірінші болу үшін күресудің қажеті жоқ. Әрқашан өзіңізді ақылды етіп көрсеткіңіз келіп, "мен айтып едім ғой" деген тіркесін қолдана беру, еріңізді түсіре берумен тең. Әр адам қателік жасауға құқылы. Ол қателікті әрдайым бетіне баспай, керісінше қолдау көрсетіп, көмек беріңіз.

Жыныстық қатынасқа түсуге болмайды

"Сенің қолыңнан ештеңе келмейді", "Сен-нөлсің" дегенді естіген әйел де, еркекте ренжіп қалатыны анық. Жұбыңызды бұлай тексерудің қажеті жоқ. Бұл сөздер арқылы оның намысына тиіп, жаңа белестерді бағындыруға итермеледім деп ойласаңыз қателесесіз. Егер шынымен қолынан ештеңе келмейтін болса, оған күш жұмсаудың қажеті қанша? Оны түсіріп, намысын жерге таптағаннан сізге не пайда? Ондай адаммен неге әлі бергесіз? Әлде оның жанында өзіңізді мықтымын деп санайсыз ба?

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сенің қолыңнан түк те келмейді

"Сенің қолыңнан ештеңе келмейді", "Сен-нөлсің" дегенді естіген әйел де, еркек те ренжіп қалатыны анық. Жұбыңызды бұлай тексерудің қажеті жоқ. Бұл сөздер арқылы оның намысына тиіп, жаңа белестерді бағындыруға итермеледім деп ойласаңыз қателесесіз. Егер шынымен қолынан ештеңе келмейтін болса, оған күш жұмсаудың қажеті қанша? Оны түсіріп, намысын жерге таптағаннан сізге не пайда? Ондай адаммен неге әлі біргесіз? Әлде оның жанында өзіңізді мықтымын деп санайсыз ба?

Саған жаттығу залына бару керек

Бұл тіркесті әйел адамға мүлдем айтуға болмайды. Жаттығу залына баруға кеңес беру қыздың толық екеніне, сырт сөзге қызықсыз, әдемі емес екенін тікелей айтумен тең деп қабылданады. Әйелдің сыртқы келбеті, киген киімі, маникюрі тек мақтау сөздерді есту үшін жаралған. Ал егер комплимент жасай алмасаңыз, үндемей құтылған дұрыс. Жаттығу залы жайлы ой маза бермесе, бірінші өзіңіз барып бастаңыз. Сосын өз жұбыңызды да шақырып, сізге онсыз қызықсыз екенін айтыңыз.

Бос сөйлеме

Әйел өзін мазалайтын ойларымен бөліскен уақытта, сіздің "Бос сөз сөйлеме" деп тақырыпты жауып тастауыңыз арадағы сенімге нұқсан келтіреді. Бұл сөз жұбыңыздың уайымдайтын мәселесін бағаламай, көңіл бөлмеумен тең. Тіпті сіз үшін бос әңгіме болса да, әйеліңізді тыңдай біліңіз, қолдау көрсетіңіз.

Бұл тіркестердің барлығы суық қару іспеттес, арақатынасқа өз кесірін тигізбей қоймайтыны анық. Осы тіркестерді қолданғаныңыз үшін, сізге ешкім медаль сыйламайды. Диалог соңы - жалғыздықпен аяқталуы мүмкін. Басқа спорт түрімен айналысыңыз. Мысалы, синхронды жүзу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/family/psychology/2024705-zaqsy-soz-zarym-yrys-suiiktinizge-es-uaqytta-aituga-bolmaityn-10-tirkes/