RU

Оралда алаңда ілініп тұрған жыртық ту елдің ашуын тудырды

Ту
Көрнекі фото: instagram.com/zhaloby_uralsk_official

Әлеуметтік желіде Оралда Тұңғыш президент алаңында ілінген жыртық тудың видеосы тарап кетті. Қалалықтар бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Видеоға қатысты қалалық әкімдік те пікір айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео жалпықалалық мәселелерді қозғайтын zhaloby_uralsk_official тобында жарияланды.

"7 қаңтар күні сонда болдық. Ту бүтін еді. Өлшемі үлкен болғандықтан, мұқият қарадық. Мүмкін, қар жауған соң жыртылған шығар",- дейді жазбаға пікір жазғандардың бірі.
"Масқара. Ұят. Бұдан гөрі тудың ілінбегені жақсы", - деді басқа қолданушы.

Оралда әкім баспасөз қызметі тудың ауа райының қолайсыздығына байланысты жыртылғанын хабарлады. Облыс орталығында дауылды ескерту жарияланған. Ал қалада қар мен жаңбыр жауып, қатты жел соққан.

"Тұңғыш президент алаңында мемлекеттік ту қатты жел салдарынан жыртылған. Қазіргі уақытта оны алып тастады, жақында жаңасын іледі",- деді әкімдікте.

Айта кетейік, флагшток ұзындығы 60 метрді құрайды. Оны жылына бірнеше рет өзгерту қажет.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті.

Орталық сайлау комиссиясының қызметкері Сабила Мұстафина брифинг барысында нәтижелерді жариялады. Оның қорытындысы төмендегідей:

"Nur Otan" партиясы –71,09 %;

"Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;

Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %;

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29 %;

"Адал" саяси партиясы – 3,57 %.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/finance/1893149-oralda-alada-ilinip-trgan-zyrtyk-tu-eldi-asuyn-tudyrdy/