Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да "Ұстау" жоспары жарияланды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: СҚО ПД

ШҚО-да Chevrolet автокөлігін айдап кеткені туралы арыз түскен соң тәртіп сақшылары "Ұстау" операциясын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құқыққорғау органдарының ақпарынша, Глубоков ауданы полиция бөлімінің 102 нөміріне 33 жастағы азамат хабарлаған. Ол белгісіз біреулер дүкендердің бірінде тұрақта тұрған Chevrolet автокөлігін айдап кеткенін хабарлаған. Ол өз шығынын 2 млн теңгеге бағалап отыр.

"Патрульдік полиция қызметкерлері "Ұстау" жоспары жарияланды, Операция барысында Өскемен - Шемонаиха тас жолында Глубокое ауданының 41 жастағы тұрғыны басқарған көлік ұсталды. Ол өз жасаған қылмысын мойындады",-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ұрланған көлік күдіктіден тәркіленді.

Айта кетейік, Павлодар облысының тұрғыны жылқы ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды. Сонымен қатар үкім оның сыбайласына да шықты, бірақ ол келтірілген шығынды өтегендіктен, шартты түрде ғана жазасын алды.

Іс материалдарынан Ерік Тасыбаевтың 2018 жылдың жазында белгісіз адамдармен бірге 18 жылқыны ұрлап кеткені белгілі болды. Шығынның жалпы сомасы 5,6 миллион теңгеге бағаланды. Бір жылдан кейін ол жазда тағы бір ұрлық жасаған.

Бұл жолы серіктесімен бірге жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге бағаланған 7 жылқыны қолды қылған. Іс материалында оқиғаның 2019 жылдың қыркүйегінде орын алғаны айтылған. Содан кейін полиция қызметкері Тасыбаевты ұстау үшін үйіне келген. Алайда, ер адам қарсылық көрсеткен. Бұл тағы бір қылмыстық іс қозғауға түрткі болған.

Аудандық соттың ақпараты бойынша, сотталушылардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Нәтижесінде Тасыбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұндай үкімнің бірнеше қылмыстардың ескеріліп шығарылғаны айтылды. Алайда оның сыбайласына 4 жыл сынақ мерзімі берілді. Екінші айыпталушының жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтегендігі, сонымен қатар, 5 баланы тәрбиелеп отырғаны, әйелінің өмірден өткені ескерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1902493-sqo-da-ustau-zospary-zariyalandy/

pixel