RU

Израиль Газа секторындағы қақтығыстың күшеюіне байланысты төтенше жағдай жариялады

Қауіпсіз орын іздеген палестиналықтар
Фото: Ali Jadallah/Anadolu Agency via Getty Images

Израиль қарулы күштері мен палестиналық жауынгерлер арасындағы қақтығыстың күшеюіне байланысты Израиль орталық Лод қаласында төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды Би-би-си.

Лод қаласының мэрі Яир Ревиво тәртіпсіздіктерді азаматтық соғыспен салыстырды: машиналар өртенді, 12 адам жарақат алды.

Израиль арабтарының наразылықтары Тель-Авивке жақын Лод қаласында басталып, жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, наразылық білдірушілер полицияға тас лақтырды, олар гранаталарымен жауап берді.

Наразылық бір күн бұрын қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан израильдік арабты жерлеу рәсімінен кейін басталды. Полицияның хабарлауынша, түнге қарай Лодтағы жағдай нашарлай түскен.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сейсенбі күні кешке Лодта төтенше жағдай жариялады. 1966 жылдан бері үкімет араб қауымдастығына қатысты төтенше өкілеттіктерді бірінші рет қолданды.

Нетаньяху қажет болған жағдайда коменданттық сағат енгізетінін айтты.

Ескерту! Видеода қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар. Видеоны кәмелет жасқа толмағандарға, психикасы әлсіз адамдарға және жүкті әйелдерге көруге ұсынылмайды!

Еске салсақ, палестиналық жауынгерлер бұған дейін сейсенбіде Израильдің әуе шабуылынан Газа секторындағы көпқабатты үй құлағанын олар жүздеген зымыран атқанын мәлімдеген.

Израиль әскерилері Иерусалимге және басқа жерлерге зымырандық шабуылдарға жауап ретінде Газадағы жауынгерлерді нысанаға алуда дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/finance/1912106-izrail-gaza-sektoryndagy-qaqtygystyn-kuseyuine-bailanysty-totense-zagdai-zariyalady/