jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ресейлік дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болатынын атап өтті деп хабарлайды РИА Новости.

    Медицина маманының айтуынша, сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды.

    Оны шамадан тыс тұтыну асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін дейді Инна Заикина.

    Дәрігер-диетолог сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

    Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет, дейді маман.

    Белгілі болғандай, сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

    Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.

    Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.

    Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.

    Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.