Токпокки: дәстүрлі корей тағамының түпнұсқадан алынған рецепті
Жарияланған күні:

Токпокки - Оңтүстік Кореяның көпке белгілі тағамы. Тіпті Сеулде токпокки мейрамханалары шоғырланған тұтас аудан бар. Дорама кейіпкерлерінің рақаттана отырып жейтін тағамын үйіңізде де жасауға болады. Бұл тағамның дайындалу процесі туралы рет-ретімен айтамыз.
Чосон әулеті тұсында токпокки тек патша үстеліне ғана ұсынылатын тағам болды. Бұл тағамның маусымы қаңтардың басынан аяғына дейін жалғасатын. Патшаларға дайындалған токпокки маринадталған сиыр еті, көкөністер және арнайы соя соусымен дайындалып келді. XIX ғасырда бұл тағамның дайындалу реттілігі аспаздық кітапқа енгеннен кейін бүкілхалықтық игілікке айналды. Қазіргі токпокки құрамы XX ғасырдың ортасында пайда болды. Аңызға сүйенсек, бүгінгі күні корей асханасының басты тағамының біріне айналған токпоккидің жаңа нұсқасын корей-қытай мейрамханасының иесі Ма Бонним ойлап тапқан деседі. Ол сол кезеңдерде мейрамхананың ашылуында өзіне сыйға берілген карэттокиді ыстық тұздықтың үстіне байқаусызда түсіріп алған көрінеді.
Сипаттамасы
- Асханасы: Корей асханасы
- Санаты: Бас тағам
- Дайындау уақыты: 5 минут
- Пісірілетін уақыты: 23 минут
- Тағамдық калориясы: 260 ккал
Ингредиенттер
- Тауық жұмыртқасы - 4 дана.
- Сарымсақ - 6 бас.
- Соя соусы - 1 ас қасық.
- Қант - 2 ас қасық.
- Көк жуа - 50 г.
- Тұз - 0,5 шай қасық.
- Чили бұрышының ұнтағы - 1 ас қасық.
- Күріш ұны - 200 г.
- Шұжықша - 200 г.
- Кочхуджан - 1 шай қасық.
Дайындалуы
1. Жұмыртқаны қайнатыңыз

Тауық жұмыртқасын ыдысқа салып, үстіне суық су құйыңыз және қатты отқа қойыңыз. Жұмыртқаны 7 минут қайнатыңыз. Піскен жұмыртқаны салқын суға салып қойыңыз.
2. Қамыр илеңіз

150 мл суды қайнатыңыз. Таза және құрғақ ыдысқа 200 г күріш ұнын салыңыз. Оған 0,5 ас қасық тұз қосып, қайнаған су құйыңыз. Илеп жатқан қамырыңыз үгілмелі қамыр тәрізді біркелкі боп біріккенше қасықпен немесе қалақшамен араластырыңыз. Содан соң қамырды ыдыстан алып, қолмен жақсылап илеу керек. Үстел үстіне аз мөлшерде күнжіт майын жағып, қамырды қолыңызға жабысқаны кеткенше илеңіз.
3. Карэтток пішінін жасаңыз

Қамырды төрт бөлікке бөліңіз. Қамырдың әр бөлігін саусақ көлеміндей шұжық тәрізді жайыңыз. Ұзындығын 5-6 см етіп кесіп, күнжіт майымен майланған табаққа салыңыз.
4. Күріш ұнынан жасалған қамырды қайнатыңыз

3 литрлік қазанға су құйып, пешке қойыңыз. Су қайнаған соң күріш ұнынан жасалған қамырды салыңыз. Баяу отта 15 минут қайнатыңыз. Содан кейін өнімдерді сүзекіге салып, үстіне суық су құйыңыз.
5. Көк жуа мен сарымсақты тураңыз

Жуылған көк жуаның ұзындығын шамамен 1 см етіп тураңыз. Жалпақ қияқты пиязды қолдануға да болады. Сарымсақты тазалап, өзіңізге ыңғайлы әдіспен ұсақтап кесіңіз.
6. Күріштен дайындап алған өнімді бұқтырыңыз

Бүйірлі үлкен табаны пешке қойыңыз. Оған 500 мл су құйып, 2 ас қасық қант қосыңыз. Содан соң қайнатылған карэтток және 1 шай қасық кочхуджан пастасын салыңыз. Паста ерігенше араластырыңыз, артынша чили ұнтағын, соя соусын және ұсақтап туралған сарымсақты қосыңыз. Орташа жанып тұрған отта тағамды араластырыңыз және күріш шұжықтары табаның түбіне жабысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
7. Тағам дайындауды аяқтаңыз

Тұздық қоюланған кезде оған күріш ұнынан жасалған қамырды және қабығы аршылған тұтас жұмыртқаны қосыңыз. Тамақты 1 минут қыздырып, көк жуа қосып, араластырыңыз. Дайын тағамды табақтарға салыңыз. Жұмыртқаны ортасынан бөліп безендіруге, қалауыңыз бойынша туралған күнзе (кинза) себуге болады.
Тағам рецепті көрсетілген видео
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2008258-tokpokki-dasturli-korei-tagamynyn-tupnusqadan-alyngan-recepti/