jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ең дәмді әрі тәтті шоколадты шұжықтың рецептісі

    Шоколадты шұжық. Скриншот
    Шоколадты шұжық. Скриншот: YouTube/Funny Kitchen

    Шоколадты шұжық – балалық шақтың тәтті естеліктерінің бірі. Оны кулинарлық гаджеттерсіз-ақ, оңай әрі тез дайындауға болады. Төмендегі рецепт бойынша тәтті десертті әзірлеп көріңіз.

    Десерттің атауы сыртқы түрінің шұжыққа ұқсас болуына байланысты пайда болған. Ол жұмсақ шоколадты массадан және етті шұжықтағы майға ұқсайтын қытырлақ печеньеден тұрады. Бұл десерт негізінен орыс асханасында кең таралғанымен, негізгі Италиядан таралған.

    "Саламе аль чокколато" шұжығын дайындаудың дәстүрлі рецебінде ерітілген шоколад, жұмыртқа, май, жаңғақ және печенье қолданылады. Ал МемСТ бойынша дайындағанда сүт пен какао қосылып, жұмыртқа мүлдем қолданылмайды.

    Сипаттамасы:

    Асхана: Еуропалық

    Санаты: Десерт

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Дайындалу уақыты: 20 минут

    Калориясы: 460 ккал бір порцияға

    Құрамы:

    Қант – 200 гр

    Сүт – 125 мл

    Грек жаңғағы – 150 гр

    Қантты печенье – 200 гр

    82.5% май – 200 гр

    Дайындалуы:

    1. Печеньені үгітіп алыңыз

    Десертті дайындау үшін кез келген қантты печеньені қолдануға болады. Печеньені екіге бөліп, бір бөлігін оқтаумен үгітіп алыңыз. Екінші бөлігін блендермен ұсатып алу керек.

    Печеньені үгіту. Скриншот
    Печеньені үгіту. Скриншот : YouTube/Funny Kitchen

    2. Жаңғақты ұсатып алу

    Қуырылған жаңғақты оқтаумен ұсатып алыңыз. Жаңғақ орташа мөлшерде болуы керек. Ұсатылған жақғақты печеньге қосыңыз.

    Жаңғақты ұсақтау. Скриншот
    Жаңғақты ұсақтау. Скриншот: YouTube/Funny Kitchen

    3. Глазурь дайындау

    Түбі қалың ыдысқа сүт құйып, оған сары май қосып, қант, какао ұнтағын салып, орташа отқа қойыңыз. Араластырып тұрып, құрамын ерітіп алу керек. Глазурь біркелкі массаға айналғанша араластырып, бетінде көпіршіктер пайда болғанша отта ұстаймыз.

    Глазурьді дайындау. Скриншот
    Глазурьді дайындау. Скриншот: YouTube/Funny Kitchen

    4. Барлығын араластыру қажет

    Терең ыдыста печеньені жаңғақпен араластырып, үстіне глазурьді құямыз. Глазурь түгелімен печеньеге сіңгенше араластырып, бірыңғай масса болғанша жалғастырамыз.

    Құрамын араластыру. Скриншот
    Құрамын араластыру. Скриншот: YouTube/Funny Kitchen

    5. Шұжық формасына келтіру

    Ас үй пленкасын үстел үстіне төсеңіз. Дайын массаны екіге бөліп, пленканың үстіне салып, домалатып, шұжық формасына келтіріңіз.

    Шұжық қалпына келтіру. Скриншот
    Шұжық қалпына келтіру. Скриншот: YouTube/Funny Kitchen

    6. Десертті суыту

    Дайын шұжықтарды тоңазытқышқа 6-8 сағатқа салып қойыңыз. Масса толығымен суып, формасын сақтап қалуы керек. Суыған шұжықтардың пленкасын алып, үстінен қант ұнтағын себіңіз. Десертті орташа бөліктерге турап, дастарханға ұсынсаңыз болады.

    Ең дәмді әрі тәтті шоколадты шұжықтың рецептісі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.