jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сагира Уалиева
    Сагира Уалиева
    Бұрынғы қызметкер

    Араб асханасы: пеште пісірілген ерекше тауық еті

    Пеште піскен тауық еті
    Грек жаңғағы және ірімшік қосып пісірілген тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Араб мәзірі бойынша дайындалатын тауық еті басқа ас түрлеріне ұқсамайды. Тәбетті ашатын хош иісті тағамға жаңғақ ұнтағы өзгеше дәм береді. Ерекше тағамды дайындау үшін біз ұсынған рецепті пайдаланыңыз.

    Араб елдерінің ұлттық асханасында құс етінен жасалған тағам түрлері кең таралған. Олар тауық етін бұқтырады, қайнатады, жарма мен көкөністер қосып пісіреді. Араб асханасы бойынша тауық етін дайындау тарихы туралы ақпарат жоқ. Ал бұл тағам АҚШ-тағы араб мейрамханаларының бірінде ойлап табылған деген болжам бар. Қытырлақ жаңғақ пен балқытылған ірімшіктің қоспасы ерекше дәм береді. Тағам дәмдеуіш күріш, кускус немесе булгурмен жақсы үйлеседі.

    Сипаттамасы

    Асханасы: Америкалық

    Санаты: Бас тағам

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Пісетін уақыты: 30 минут

    Мөлшерлік калориясы: 221 ккал.

    Ингредиенттер

    • Тауық жұмыртқасы - 2 дана.
    • Жоғары сорттық бидай ұны - дәміне қарай.
    • Өсімдік майы - дәміне қарай.
    • Грек жаңғағы - 60 г.
    • Тұз - дәміне қарай.
    • Қара ұнтақ бұрыш - дәміне қарай.
    • Тауық еті - 2 кг.
    • Қатты ірімшік - 80 г.

    Дайындалуы

    1. Жаңғақтарды дайындап алыңыз

    Майдаланған жаңғақтар
    Пышақпен үгітілген грек жаңғағы. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Грек жаңғағын алдын ала қуырып алыңыз. Сыртын ашып, пышақпен майдалап тураңыз. Жаңғақты жұмсақ әрі біркелкі еткіңіз келсе, блендер пайдаланыңыз.

    2. Жұмыртқа мен ірімшікті дайындаңыз

    Араластырылған жұмыртқа
    Шанышқымен араластырылған жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Қатты ірімшікті ірі үккіштен өткізіңіз. Шағын ыдысқа 2 жұмыртқаны жарыңыз. Бір шымшым тұз қосып, жұмыртқаны шанышқы көмегімен біркелкі болғанша араластырыңыз. Әбден араластырылған жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа құйыңыз.

    3. Тауық етін дайындаңыз

    Бөлінген тауық еті
    Тағамға арналған пленкаға оралған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Етті ұзындығы бойынша ортасынан кесіңіз. Етті тақтайға қойып, бетін пленкамен жабыңыз. Тауық етінің кеуде бөліктерін асүйге арналған балғамен ұрыңыз. Содан кейін пленканы алып тастаңыз да, дәміне қарай тұз және бұрыш себіңіз.

    4. Тауық етін қуырыңыз

    Қуырылған тауық еті
    Табаға қуырылған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Табаны күнбағыс майын құйып, қыздырыңыз. Табаққа елеуіштен өткізілген бірнеше ас қасық бидай ұнын себіңіз. Етті алдымен ұнға былғап, содан кейін жұмыртқаға батырып, қызып тұрған табадағы майға салыңыз. Тауық етін екі жағынан қызарғанша қуырыңыз.

    5. Пешке салып пісіріңіз

    Пешке салынған ет
    Бетіне жаңғақ пен ірімшік салынған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ KAZAN

    Пешіңіздің табасына пергамент қағазын төсеңіз. Оған қуырылған тауық еттерін салыңыз. Еттің үстіне туралған жаңғақтар мен үгітілген ірімшікті салыңыз. Етті пештің 180 °C температурасында 10 минут пісіріңіз.

    Рецепт видеосы

    Араб асханасы: пеште пісірілген ерекше тауық еті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.