jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Табада пісірілетін хачапури: Арианадан ең оңай рецепт

    Піскен хачапури
    Табада пісірлген хачапури. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Грузиннің хачапури деп аталатын наны бүгінде көп адамның сүйікті асына айналып үлгерді. Ал ертеректе мұндай тағамды кедейлер мен шопандар ғана жеген деседі. Хачапури өте құнарлы тағам болып саналады. Егер үй жағдайында пісіргіңіз келсе, біз ұсынған оңай рецепт кәдеңізге жарасын.

    Бұл сөз грузин тіліндегі "хача" (жабу) және "пури" (нан) сөзінің бірігуінен шыққан. Бастапқы кездері хачапури лаваштың шетінде дайындалған, оған ірімшік салып, ашық отта пісірген. Грузияда хачапуридің түрі көп. Мысалы, аджар, мегрель, имеретин хачапуриі секілді тағамдардың өзіндік ерекшелігі мен дәмі бар. Ал біз қазақша нұсқа бойынша хачапуриді табада пісіру әдісін көрсетеміз.

    Сипаттамасы

    Асханасы: грузин

    Санаты: бас тағам

    Дайындау уақыты: 15 минут

    Пісіру уақыты: 10 минут

    Мөлшерлік калориясы: 297 ккал

    Құрамы

    Айран - 300 г

    Жұмыртқа - 2 тал

    Тұз - 1 шай қасық

    Қант - 1 шай қасық

    Өсімдік майы - 3 ас қасық

    Ұн - 400 г

    Қамыр қопсытқышы - 1 шай қасық

    Моцарелла ірімшігі немесе кез келген ірімшік - 350 г

    Дайындалуы

    1. Айранға тұз бен қант қосып араластырыңыз

    Айран мен тұз
    Айранға қосылған тұз. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    300 г айранды шұңғыл ыдысқа құйып, үстіне 1 шай қасық тұз қосыңыз. Оның үстіне 1 шай қасық қант салыңыз. Артынша 1 шай қасық қамыр қопсытқышын қосыңыз.

    2. Өсімдік майын құйыңыз

    Май мен жұмыртқа
    Сұйық май мен жұмыртқа қосылған қоспа. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Қамыр қоспасына 3 ас қасық сұйық май құйыңыз. Содан соң 1 тал жұмыртқа қосып, барлығын жақсылап араластыру керек.

    3. Ұн салыңыз

    Ұн қосылған қоспа
    Ұн қосылған қамыр қоспасы. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Сұйық қоспаның үстіне 400 г ұнды аз-аздан қоса отырып араластырыңыз. Алдымен былғауыш қасықпен араластырып, содан соң қолмен қамыр илеңіз. Қамыр жұмсақ оп шығу керек. Қамырдың бетін жауып, 15 минутқа қойыңыз.

    4. Ірімшікті үккіштен өткізіңіз

    Ірімшікті майдалау
    Үккіштен өткізілген ірімшік. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    350 г ірімшікті бөлек ыдысқа үккіштен майдалап өткізіп алыңыз. Ірімшіктің үстіне бір шым-шым тұз себіңіз. Оған бір жұмыртқа қосып, араластырыңыз. Ірімшікті төрт бөлікке бөліп, домалақ пішін жасаңыз.

    5. Қамырды тең қылып төрт бөлікке бөліңіз

    Бөлінген қамыр
    Төрт бөлікке бөлінген қамыр. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Бөлінген қамырды қолмен қайтарып илеңіз. Содан соң домалақтап қолмен, сосын оқтаумен орташа қалыңдықта жайыңыз.

    6. Қамырдың ортасына салмасын салыңыз

    Қамыр мен ірімшік
    Қамырдың ортасына салынған ірімшік. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Ірімшіктен алдын-ала дайындап алған салманы қамырдың ортасына салыңыз. Содан кейін қамырды ортасына қарай бүктеп жинау керек. Сол кезде қайтадан дөңгелек пішінде шығады, ал салмасы ішінде қалады.

    7. Қамырды жайып, пісіріп алыңыз

    Піскен қамыр
    Табада піскен хачапури. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Қамырды орташа қалыңдықта жайыңыз. Құрғақ табаға салып, екі жағы қызарғанша пісіріп алыңыз. Пісірген кезде табаның қақпағын жауып қою керек.

    8. Сары май жағыңыз

    Сары май жағу
    Сары май жағылған хачапури. Көрнекі сурет: youtube.com/@NarimanAriana

    Піскен хачапуридің бетіне сары май жағып шығыңыз. Екінші бетіне де сары май жағыңыз. сары май жағатын кезде шанышқыны қолдануға болады. Қамырдың төрт бөлігін де табаға салып пісіріп алыңыз. Піскен кезде әрқайсысына сары май жағуды ұмытпаңыз. Сол кезде жұмсақ әрі дәмді болып шығады.

    Табада пісірілетін хачапури: Арианадан ең оңай рецепт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.