jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Асқабақтан пірәндік пісіріп көрдіңіз бе: ерекше дәмді печенье рецебі

    Асқабақ печеньесі. Көрнекі сурет
    Асқабақ печеньесі. Көрнекі сурет: YouTube/ Juicing Peaches

    Асқабақ печеньесі - күзде даярлауға болатын ең дәмді рецепттердің бірі. Онда асқабақпен бірге дәмдеуіштер де орынды үйлесім табады. Төмендегі рецептті пайдаланып, үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын печеньені дайындап көріңіз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Асқабақ печеньесін дайындаудың қарапайым рецепті ұсынылған, оны үй жағдайында оңай әрі тез жасауға болады.
    • Рецептте асқабақ, шоколад, ұн, қант және әртүрлі дәмдеуіштер қолданылады.
    • Печеньені дайындау процесі қадамдық нұсқаулықпен түсіндіріліп, 180°C температурада 13 минут пісіру керектігі айтылған.

    Асқабақ печеньесін қолда бар заттармен оңай әрі тез даярлауға болады. Күз мезгілінде дайындалатын дәмді десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америка

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 20 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 1 дана

    Сүтті шоколад - 255 г

    Асқабақ - 240 г

    Қант - 100 г

    Ұн - 250 г

    Өсімдік майы - 120 мл

    Зімбір - 0.5 шай қасық

    Тұз - 0.5 шай қасық

    Ас содасы - 0.75 шай қасық

    Мускат жаңғағы - 0.5 шай қасық

    Қопсытқыш - 2 шай қасық

    Даршын - 2 шай қасық

    Ваниль шырыны - 1 шай қасық

    Қоңыр қант - қалауыңызша

    Дайындалуы

    1. Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз

    Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз. Скриншот
    Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Шұңғыл ыдысқа ұнды електен өткізіп, саламыз. Қосымша қопсытқыш пен ас содасын қосамыз. Сосын ұсақталған даршын, зімбір мен мускат жаңғағын қосамыз. Үстінен 0,5 шай қасық тұз қосамыз. Барлығын қолмен жақсылап араластырамыз.

    2. Қант пен майды араластырамыз

    Қант пен майды араластырамыз. Скриншот
    Қант пен майды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Ыдысқа қоңыр және ақ қантты салып, екеуін араластырамыз. Үстінен сұйытылған майды қосып, барлығын қант ерігенше араластырамыз.

    3. Жұмыртқа мен асқабақты қосамыз

    Жұмыртқа мен асқабақты қосамыз. Скриншот
    Жұмыртқа мен асқабақты қосамыз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Қант қоспасы бар ыдысқа бір жұмыртқаны қосамыз. Сосын ванильді саламыз. Барлығын венчикпен араластырамыз. Асқабақты турап, пюре жасаймыз. Оны сұйық қоспаға қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Үйіңізде асқабақ болмаса, дайын асқабақ қоспасын пайдалансаңыз болады.

    4. Қамыр илеңіз

    Қамыр илейміз. Скриншот
    Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Асқабақ қоспасына ұннан дайын болған құрғақ құрамды қосамыз. Асхана күрекшесінің көмегімен барлық құрамды жақсылап араластырамыз. Сонда біркелкі масса пайда болуы керек. Шоколадты ұсақтап, ұнға қосамыз. Барлығын тағы да араластырамыз.

    5. Печенье дайындаймыз

    Печенье дайындаймыз. Скриншот
    Печенье дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Противеньге пергамент қағазын төсейміз. Үстіне балмұздақ жасауға арналған қасықтың көмегімен қамырды алып, пергамент қағазына саламыз. Печенье дөңгелек шар тәрізді болуы керек. Пісу уақытында десерттің көлемі үлкейетіндіктен, оларды бір-бірінен алыс орналастырыңыз.

    6. Печеньені пісіреміз

    Печеньені пісіреміз. Скриншот
    Печеньені пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Juicing Peaches

    Пешті 180 °C-қа дейін қыздырамыз. Қызған пешке печеньені саламыз. Десертті 13 минутқа қоямыз. Печенье піскен соң пештен алып, суытыңыз. Сосын торға салып, десерттің толық суығанын күтіңіз. Дайын болған тәттіні дастарханға қойып, жақындарыңызды қуантыңыз.

    Асқабақтан пірәндік пісіріп көрдіңіз бе: ерекше дәмді печенье рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.