Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өздерін кәрі санайтын адамдар ауруханаға жиі түседі

Опубликовано:

Өз замандасынан өзін кәрі санайтын адамдар жиі ауруханаға түседі, деп мәлім етті канадалық ғалымдар. Олар 24-102 жас аралығындағы 10 мыңнан астам адамның деректерін талдаған.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.

Зерттеушілер олар өздерін қаншалықты жас сезінгенін сұрады. Бұдан басқа, еріктілер ерте пайда болған аурулары (сусамыр, обыр, жүрек ауруы, остеопороз және артрит) жайлы мәлімдеді. Бұл ретте эксперимент қатысушылары сауалнама толтырды. Ол күйзеліс деңгейін айқындауға жәрдемдесуі тиіс.

Өзін өз жасынан кәрі сезінетіндердің 10 жыл ішінде  ауруханаға жатуы 10-25 пайызға жоғары болған. Қатысушыларда  күйзеліс белгілерінің болуы  мен денсаулықтарының әлсіздігі мамандарға осылай сезіну мен ауруханаға жату арасындағы байланысты түсіндіруге жәрдемдесті.

Зерттеушілердің пікірінше, күйзеліс пен ауруханаға түсу тәуекелін  физикалық белсенділік төмендетеді деп хабарлады Росбалт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1047074-ozderin-kari-sanaytyn-adamdar-aurukha/

pixel