RU

Виртуалды Қазақстан аруы 2016 байқауының жеңімпазы 8 млн теңге мен көлік ұтып алды (фото)

Астанада өткен еліміздің тұңғыш виртуалды сұлулық байқауы - MISS VIRTUAL KAZAKHSTAN-ның жеңімпазы белгілі болды. Бұл атаққа стюардесса әрі дизайнер, 3 баланың анасы Айнұр Айтимова лайық деп табылды. Ару сыйлыққа 8 млн теңге мен Nissan Juke көлігін иеленді деп хабарлайды NUR.KZ.

8 000 000 теңге мен Nissan Juke көлігінен бөлек аруға қымбат тастармен безендірілген тәж табысталды.

Жеңімпаз өзінің су жаңа көлігімен екінші және үшінші орынды иеленген аруларды қыдыртуға уәде берді.

Аруға қолдау көрсеткендер арасында оның күйеуі, 7 жасар қызы мен 7 айлық егіз ұл-қызы бар.

Жас ана ақшасын қайда жұмсайтынын әзірге шешпеді.

Екінші орын Ақтау тұрғыны Милана Жинкинаға бұйырды. Сыйлық ретінде ол Macbook Pro ультрабугын алды.

Үшінші орынды Астана тұрғыны Диана Нашенова иеленді. Оған сыйлыққа алқызыл Iphone 6s табысталды.

«MISS VIRTUAL KAZAKHSTAN» байқауының жеңімпаздары онлайн дауыс беру арқылы анықталған. Ешқандай дефиленің де қажеті жоқ. Бағалауға тек бір фото ғана әсер етеді. Оны Вконтактедегі байқаудың ресми парақшасына жүктеу керек.

Байқауға қатысуға кез-келген кәмелет жасқа толған ару ниет білдіре алады. Ал жеңімпазды халықтың өзі таңдайды.

Алғашында қатысушылар саны 2000 болды. Жартылай финалға 273 ару іріктелді.

Соңында олардың 23-і топ жарып, комиссия мүшесі тағы екі аруды тізімге қосуды ұйғарды. Олар алматылық Әбішева Еңлік және астаналық Якимчик Ксения.

Байқаудың финалына қатысқан 25 ару:

Ақтау: Жинкина Милана, 19 жаста - Miss Virtual Aktau

Ақтөбе: Шамұратова Райгүл, 18 жаста - Miss Virtual Aktobe

Алматы: Ниязбекова Мақпал, 26 жаста - Miss Virtual Almaty

Астана: Нашенова Диана, 20 жаста - Miss Virtual Astana

Атырау: Байкенова Зарина, 22 жаста - Miss Virtual Atyrau

Жаңаөзен: Байбосынова Айымгүл, 21 жаста - Miss Virtual Zhanaozen

Қарағанды: Байдалы Айдана, 21 жаста - Miss Virtual Karaganda

Көкшетау: Лисовская Елена, 22 жаста - Miss Virtual Kokshetau

Қостанай: Нариман Наргиз, 19 жаста - Miss Virtual Kostanay

Қызылорда: Дүйсенбаева Эльнара, 20 жаста - Miss Virtual Kyzylorda

Павлодар: Илипова Айнұр, 20 жаста - Miss Virtual Pavlodar

Петропавловск: Шилина Юлия, 21 жаста - Miss Virtual Petropavlovsk

Рудный: Сигаева Кристина, 18 жаста - Miss Virtual Rudnyi

Семей: Әшімова Нарша, 21 жаста - Miss Virtual Semey

Талдықорған: Райымжанова Әсел, 19 жаста - Miss Virtal Taldykorgan

Тараз: Рысбек Жания, 21 жаста - Miss Virtual Taraz

Теміртау: Шаматульская Юлия, 21 жаста - Miss Virtual Temirtau

Түркістан: Жиембаева Хулькарай, 18 жаста  - Miss Virtual Turkestan

Орал: Тайбассарова Әйгерім, 20 жаста - Miss Virtual Uralsk

Өскемен: Клеймёнова Мария, 21 жаста - Miss Virtual Ust-Kamenogorsk

Шымкент: Төлтаева Ақбота, 18 жаста - Miss Virtual Shymkent

Екібастұз: Айтимова Айнұр, 27 жаста - Miss Virtual Ekibastuz

Ақсу: Қасымова Бақыт, 18 жаста - Miss Virtual Aksu

Алматы: Әбішева Еңлік, 23 жаста

Астана: Якимчик Ксения, 19 жаста

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1069736-virtualdy-qazaqstan-aruy-2016-bayqauynynh/