RU

XXI ғасырдың ең сұлу әйелдері

Оларға бір қарағаннан сұлулықтың сиқырлы күші баурап, әсемдіктің ерекше әсеріне еріксіз бас иесің. Бүгінде олар әйел сұлулығының эталонына айналған. Ерлер қауымының көпшілігі кішкентайынан соларға ұқсас аруды кездестіруді армандаса, әйелдер қауымы әлі күнге оларға еліктейді деп жазады Anabol.kz.

Бұл арулар бүгінде қанша жасқа келсе де, ажарынан нұры таймай, ал әлем жұртшылығы оларды сүюін тоқтатпаған.

Anabol.kz сайтының кезекті рейтингінде XXI ғасырдың ең сұлу әйелдері:

1.  Моника Белуччи

Бүгінде елуге келсе де, әйелдік табиғаттың мүлтіксіз үлгісінен айнымаған бейнесіне көпшілік әлі күнге дейін тамсанады.

2. Анджелина Джоли

«Жер ғаламшарының ең сұлу әйелі» атанған Анджелина әдемілікпен қатар, қайырымдылық пен әділеттіліктің жаршысы.

3. Николь Кидман

Актрисаның сан жылдардан бері өзгермеген сұлу келбеті мен сырғы толы көріктілігі тәнті етеді.

4. Дженифер Лопес

Қырықтан асқан әншінің, алғаш жұлдызы жанған кездей өзгеріссіз, жас ару кейпіне тамсанбасқа болмайды.

5. Сальма Хайек

Қандай кейіпте болса да, ешқашан сұлулығынан танбаған табиғи тартымдылық иесі.

6. Шарлиз Терон

Тек сұлу ханшайымдарды ғана емес, бір-біріне сай келмейтін алуан рөлдерді сомдаған ерекше актрисалық шеберлік пен шексіз әдеміліктің үлгісі.

7. Кейт Мосс

Тұлғасы бүгінде сән әлеміне жаңа енген жас қыздардың арманына айналған қартаймайтын балғын бейнелі модель.

8. Дженифер Энистон

Алғашында, сұлулығымен емес, ерекше сүйкімділігімен баршаны баураған актриса өз жасынан, кемінде, жиырма жылға жас көрінеді.

9. Пенелопа Крус

Нәзіктік, сұлулық, еркелік, қылықтылық – бәрі де испан сұлуының бойынан табылады.

10. Меган Фокс

Жаңа ғасырда жарқ етіп шыққан жұлдыз ару бүгінде бірнеше баланың анасына айналса да, ажары өзгеріссіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1071061-xxi-ghasyrdynh-enh-sulu-ayelderi/