RU

Биологтар: Адам мұрны ешқандай пайдалы функция атқармайды

Биологтар адам мұрнының үлкендігі табиғи сұрыпталуға қатыссыз әрі ол ешқандай пайдалы функция атқармайды деген тұжырым жасады.

Олардың ойынша мұрынның үлкендігі Homo sapiens-тің бет-әлпетінің эволюциясы кезіндегі кері салдардан болған, деп жазады PLoS Computational Biology журналы.

Көптеген антропологтар адамның ірі мұрны маймыл секілділердің кішкене мұрнына қарағанда өкпеге келетін ауаны жылытып немесе суытып беретін тиімді «кондиционер» деп санайды. Алайда Киото университетінің ғалымы Такеси Нисимура мен оның әріптестері жоғарыдағы тұжырымның қате екендігін анықтады.

Жапон ғалымдары алты адамның, төрт шипанзе және алты макака маймылының мұрны мен мұрын қуыстарын сканерлеген. Одан кейін қуыс арқылы тыныс ағынын және ол арқылы суық және құрғақ, ыстық және құрғақ, жылы және ылғалды ауа түрлерін «кондиционерлеуін» моделдеп шыққан. Нәтижесінде мұрны кішірек маймылдың ауаны анағұрлым жақсы «өңдейтіні» анықталған. Осылайша зерттеушілер үлкен мұрын Homo sapiens-ке артықшылық бермейтіндігін мойындап әрі оны кездейсоқ жолмен «үлкейіп» кеткен деп болжам жасады.

Ғалымдар адамның мұрны ғана емес басқа да мүшелердің функциясына да қатысты ортақ шешімге келе алмай жүр. Айталық адамның иегінің шошақтығы да әлі күнге шейін жұмбақ. Біреулер оны кейдейсоқ пайда болды, немесе соққыдан қорғану үшін түрленген деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1082546-biologtar-adam-murny-eshqanday-paydal/