Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі рет қайнатылған су ағзаға зиян сұйықтыққа айналады

Опубликовано:

Әдетте шай ішу үшін немесе басқа да мақсатта пайдалану үшін суды қайнатып, кейін басқа іспен айналысып кететін әдет әлемнің барша еліндегі адамдарға ортақ, деп жазады bnews.kz.

 

Суыған суды ысытамын деп, екінші рет қайнатып алу да бәрінің басында кездесетін және күн сайын қайталанып келе жатқан іс.

Дәл осылай екінші мәрте қайнаған су адам ағзасына өте зиянды сұйықтыққа айналатынын біреу білсе, біреу білмейді.

Әдетте су қайнаған кезде оның құрамындағы зиянды заттар бумен бірге бөлініп кетеді. Алайда су тым ұзақ қайнаса немесе екінші мәрте қайнатылса, оның химиялық құрамы өзгеріп кетеді: көптеген зиянды заттар тұнып қалады.

Олардың қатарына күшән (күшәла), нитрат (тұз және азот қышқылының эфирі), фторид енеді. Әуел баста пайдалы болған минералды заттардың өзі ұзақ қайнау салдарынан көп мөлшерде тұнып, зиянды формаға ауысып кетеді. Мысалға кальций тұзын алайық. Қалыпты жағдайда бұл пайдалы минерал саналғанымен, көп мөлшерде тұнып қалса, ол бүйректе тас пайда болуына себепкер зиянды зат болып шыға келеді.

«Environment Health Sciences» журналында жарияланған зерттеу қорытындысында келтірілген мәліметтерге сүйенер болсақ, су құрамында фтордың артуы баланың IQ деңгейін төмендетіп жібереді. 2013 жылы жүргізілген тағы бір экспериментте фтордың бала туу көрсеткішіне әсер ететіні де мәлім болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1103440-eki-ret-qaynatylghan-su-aghzagha-ziyan-suy/