Ғалымдар сурет салу жүйкені жақсарта түсетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Ғалымдар сурет салу адамның есте ұстау қабылетін жақсартатындығын дәлелдеді. Шынында да көптеген адамдар есте ұстау қабілетінің нашарлағанына шағымданады.

Бұл туралы Айқын газеті жазады.

Дәрігерлер берген дәріні ішіп жүргендері де жеткілікті. Дегенмен тағы бір «дәріні» «Ватерлоо» университетінің мамандары ұсынды.

Олардың айтуынша ұмытшақтықты тоқтатуға ықпал ететін бірден бір нәрсе сурет салу.

Студенттер қатысқан сынақ барысында бұл дәлелденген. Мысалы олар алма деген сөзді 40 секунд ішінде бірнеше рет жазып, не алманың суретін салу керек болған. Осылайша есте ұстауға арналған жаттығулар кезінде студенттер көптеген пайдалы шаралармен айналысқан.

Оқымыстылар сынақ барысында жазуға қарағанда сурет салу кезінде көптеген сөзді есте ұстап қалған. Яғни сурет салу есте сақтау қабілетін арттырады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1113650-ghalymdar-suret-salu-zhuykeni-zhaqsarta/