Ақтөбелік қария ұзақ өмір сүруінің сырымен бөлісті
Опубликовано:
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жеңіс мерекесі қарсаңында бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады деп хабарлайды aktobenews.
Соғыстан кейін 50 жылын білім беру саласына арнаған Сұлтан Досмұратов ақсақал әлі де тың көрінеді. Мереке қарсаңында қалада тұратын кенже ұлы Кенжебектің үйіне қонаққа келген қарт ұстаз негізінен туған жері — Әйтеке би ауданындағы балаларының шаңырақтарында болғанды жөн санайды.
"Ауылдың ауасы да таза, оның үстіне үнемі ағарған ішкенді ұнатамын", — дейді Сұлтан ата.
Газет-журналды әлі де көзәйнексіз оқитын ол қал-жағдайын сұраған өңір басшысына үнемі қозғалыста болғанды жақсы көретінін, мұздай сумен жуынатынын айтты.
Сонымен бірге оқыңыздар:
Ұялы телефонды оятқыш ретінде пайдалану жүйкеге зиян
Англиялық бойжеткен тойының алдында 72 келі салмақ тастады (фото)
Ақтауда ауыр дертке шалдыққан сегіз жасар қыз бала көмекке зәру
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1127517-aqtobelik-qariya-uzaq-omir-suruininh-sy/