Темекіні ең көп шегетін елдердің тізімі анықталды
Опубликовано:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекіні көп шегетін мемлекеттердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
Ондықтың соңғы орындарына Черногория, Беларусь, сондай-ақ Босния және Герцеговина орналасты. Ол жерде бір адамға шаққанда жылына тиісінше 2157, 2266 және 2278 темекі шегіледі.
Одан кейін 2369, 2401 және 2479 көрсеткіштерімен Словения, Украина және Молдавия тұр.
Ресей бұл тізімде төртінші орын алып отыр. Ресей азаматы жылына 2786 тал темекі шегеді. Ал рейтингте көш бастап тұрғандар - Грекия, Болгария және Сербия.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1146783-temekini-enh-kop-shegetin-elderdinh-tizi/