Ыстық шай мен кофе қатерлі ісік тудырады

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақту ұйымы (ДДСҰ) жанындағы рак ауруларын зерттеу халықаралық агенттігі сусындарды ыстық күйінде ішу денсаулыққа аса қауіпті екенін растады.

Бұл туралы The Independent басылымы хабарлап отыр деп жазады skifnews.kz.

«Зерттеу қорытындылары көрсеткендей, ыстық сусындарды жиі ішу өңештің рагына алып келеді. Бұл жерде аурудың себебі шай немесе кофеде емес, оның температурасында», — дейді аталған агенттіктің директоры Кристофер Уайльд.

Мамандардың пікірінше, 65 градустан жоғары температурадағы сусындар ағзаға аса қауіпті. Сондықтан, ішіп отырған сусыныңызды бұл температураға жеткізбей, суытып пайдаланған жөн.

«Зерттеу жұмыстары Қытай, Иран, Түркия және Оңтүстік Америка елдерінде жүргізілді. Бұл елдерде шай мен кофені ыстық күйде (70 градуста) ішетіндер саны өте көп. Талдау жұмыстары көрсеткендей, мұндағы тұрғындарда өңеш рагына шалдығу қаупі өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда басым», — делінген ДДСҰ таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1162196-ystyq-shay-men-kofe-qaterli-isik-tudyra/