"Сібір жарасы" Алматы облысынан да анықталды

Опубликовано:

2016 жылы жетінші маусымда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылынан түйнеме жұқтырды деген күдікпен үш науқас ауруханаға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Диагноз расталды. Науқастар орталық аудандық аурухананың  инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. 17 күннен кейін олар сауығып, шығарылды.

Алматы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, эпидемиологиялық тергеу жүргізілу барысында 2016 жылы 28 мамырда ветеринарлық куәландырусыз ірі қараның сойылғаны анықталды. Оның етін иесі Қарашоқы ауылының он жанұясына сатқан.

Қарашоқы ауылында 2338 адам тұрады. Медициналық қызметкерлер аулаларды бақылап жүр, қарым-қатынаста болған 104 тұлғаға қатысты антибиотиктермен аурудың алдын алу шаралары жасалды.

Ауру ошағынан 69 келі ет, мал терісі тәркіленіп, жойылды (өртенді). Ауылда карантин жарияланған жоқ.

Ет тәркіленген үйлерде залалсыздандыру шаралары атқарылды. Аталған факт бойынша мал иесіне қатысты материалдар облыстық ІІД мен  прокуратураға беріліп, қылмыстық іс қозғалды.

Облыста адамдарға арналған түйнемеге қарсы екпелер жеткілікті. Қарашоқы ауылында малдың "Сібір жарасы" дертіне шалдығуы 1968-1987 жж. тіркелген, адамдар арасында жұқтырғандары болмады.

Эпидемияға қарсы шаралар толық жасалды, қазір дерт ошағы жабылды.

Тағы да оқыңыздар:

Ыдырысов Қырғызстан президентінің сөз сөйлеуінде бейәдеп қылық танытқан қазақ дипломаты үшін кешірім сұрады

Қазақстан президенті 76 жасқа толды

Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

Шымкентте Нұрсұлтан есімді 100 бала "Нұрсұлтан ата" әнін орындады (фото, видео)

ОҚО-да ақ халаттылар су жаңа жедел жәрдем көлігін табиғат аясында серуендеу үшін пайдаланып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1181422-sibir-zharasy-almaty-oblysynan-da-anyq/