Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 14 келі шаш алды (фото)

Опубликовано:

Соңғы бірнеше айда іші ерекше қатты ауырғанымен нақты себебін біле алмаған британдық әйелге ота жасалды. Дәрігерлер әйелдің асқазанына 14 келі шығатын шаш алған.

Бұл туралы nz1.ru порталына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

23 жастағы Софи Кокс соңғы жеті жылда трихотилломания яғни өзінің шашын өзі жұлып алатын ауруға шалдыққан. Екі жыл бұрын дәрігерлер бойжеткенге трихофагия яғни өзінің шашын өзі жеп қоятын дертке шалдыққан деген диагноз қойған.

«Мен өзімнің шашымды ойланып отырып бір талдап жұлып аламын. Сосын оны қалай жеп қойғанымды да байқамай қаламын. Бірақ, осы әдеттің мұншалықты қауіпті екенін білмеппін», - дейді қыз.

Әйелдің дерті жүкті болғаннан бастап қатты біліне бастаған. Ол салмақ қосудың орнына күн санап арықтап, жүдеп кеткен. Ішінде бұрын соңды болмаған түйіліп ауру белгілері сезіле бастаған.

Ал кейін бойжеткен босанып алғаннан кейін тіптен басын көтере алмай қалған. Дәрігерлер оны жіті тексере отырып асқазанында соңғы 7 жыл бойына жиналған 14 келі шығатын шаштың барын анықтаған.

Қазір ота жасалған келіншектің жағдайы қалыпты.

Тағы оқыңыздар:

Халықаралық университеттер рейтингіне еліміздің бірде-бір жоғарғы оқу орны кірмеді

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Қазақ азаматы он жыл жазықсыз түрмеде отырғаны үшін Ресейден $8000 өндіріп алды

Алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шықты

"Еуразия бірінші арнасындағы" жер дауына қатысты жалған ақпараттың артында кім тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1187205-darigerler-ayeldinh-asqazanynan-14-keli/