Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түстен кейін ұйықтаудың пайдасы қандай?

Жарияланған күні:

Адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Осы қағиданы көпшілік бір ұйықтағанда 7-8 сағат ұйықтау керек екен деп түсінеді. Осы норманы күндіз және түнде деп бөлу керек. Мысалы, 5-6 сағат түнде ұйықтасаңыз, қалған уақытты күндізгі уақытқа қалдырыңыз деп жазады massaget.kz.

Себебі, түс мезгіліндегі ұйқы:

Зейінді ашады

Соңғы зерттеулер бойынша, таңда 20 минут ұйықтағанға қарағанда, түстен кейін 20 минут ұйықтаған пайдалырақ екені дәлелденген. Мысалы, NASA агенттігі ұшқыштар мен ғарышкерлердің түс мезгіліндегі 20 минуттық ұйқысы жұмысқа деген қабілетін 34%, ал зейінін 100% арттырғанын байқаған.

Тіпті, аз ұйықтаған кезде, түс көрмесеңіз, уайымдамаңыз. Сіз түс көру үшін емес, сергек болу үшін, зейіннің оянуы үшін көз іліп алатыныңызды ұмытпаңыз.

Күйзелісті жояды

Күндізгі ұйқы ағзадағы күйзелістен бөлінген гормондардың көлемін азайтады және эмоционалды күштен қорғайды. Егер тыныққыңыз келсе, тыныш әрі қолайлы жер таңдаңыз.

Жүрек ауруларын азайтып, қысымды бірқалыпты ұстайды

Ғалымдар еш жеріңіз сыр бермесе де, күндіз бір рет көз шырымын алу керек дейді. Себебі, бұл – болашақ сау өмір кепілі. Күндізгі уақытта 15-20 минут көз іліп алуды дағдыға айналдырсаңыз, қан қысымыңыз ретке келеді әрі жүрек аурулары 37% азаяды. Сонымен қатар, ағза жасушаларының қалпына келуіне көмектеседі.

Есте сақтау қабілет артады

Ғалымдар ұйқыдан оянған адамның миын құрғақ ыдыс жуғышқа (губка) теңейді. Яғни, құрғақ ыдыс жуғыш суды тез сіңірсе, тыныққан ми да ақпараттарды тез қорыта алады. Сондықтан, оқушылар мен студенттердің күндіз бір рет тынығып алғандары дұрыс. Әрине, дәріс үстінде емес. Бастысы – өз-өзін тежеу. Күндіз ұйқы қанғанша 2-3 сағат ұйықтау кері әсер етеді.

Физикалық белсенділікті арттырады

Түстен кейін 20 минут ұйықтап алу спортпен және фитнеспен белсенді түрде айналысатын адамдарға міндетті түрде қажет. Тіпті, түнде 8 сағат ұйықтап жүр деген күннің өзінде, түскі уақытта көз ілу шаршауды басады, күннің екінші бөлігіне белсенділік сыйлайды.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек 5 баласымен клуб күзетіп жүр (фото)

Сапарбаев дүкенге келген кішкентай балаға күтпеген жерден сыйлық алып берді (фото)

Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды

Еуропа чемпионаты жайлы қызықты 10 дерек қандай? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1188250-tusten-keyin-uyyqtaudynh-paydasy/