Алкогольді ішімдік қатерлі ісіктің жеті түріне ұшыратады

Опубликовано:

Ғылыми зерттеулер кезінде алкогольді ішімдіктің кеуде ісігі және басқа да қатерлі ісіктердің дамуына жол ашатыны анықталдыдеп жазады muslim.kz.

Ғалымдардың айтуынша, алкогольді қолданудың салдарынан жыл сайын 500 мың адам қаза табады екен.

Отаго университеті ғалымы Дженни Коннор осы тақырыптағы ғылыми-зерттеу материалдары мен мақалаларды зерттей келе, алкогольдің кемінде ісіктің жеті түрін, оның ішінде көкірек, ауыз қуысы, тамақ, асқорыту жүйесі, бауыр, ішек құрылысы қатерлі ісігін тудырады деген қорытындыға келді. Аурудың асқынуына спиртті ішімдік ішу бірден-бір себеп болатын көрінеді.

Ғалымның мәліметінше, онкологиялық аурудан көз жұматын адамдардың 5,8% алкоголь өнімдері себебінен қатерлі ісікке шалдығады.

Осындай зерттеулерге сүйене келе медицина мамандары спиртті ішімдіктен тыйылуға, әсіресе ісіктен сақтану үшін шарап пен сыра өнімдерінен аулақ болуға шақырады

Тағы да оқыңыздар:

Әйгілі боксшы Қанат Ислам "Намыс" орденімен марапатталды

Дінтанушы: Түркиядағы төңкеріске Гүленнің қатысы болса, қазақ-түрік лицейлерін жабу керек

Мюнхенде атыс болып, онға жуық адам қаза тапты

Алматыдағы атыстан соң есін жимаған үш полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Әсет Исекешов Астананы су басқаны үшін халықтан кешірім сұрады

Ақтөбеде курстас жігіттер бір бойжеткенді жабылып зорлаған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1199124-alkogoldi-ishimdik-qaterli-isiktinh-zh/