Жүкті әйелдерге шоколад жеген пайдалы ма?

Опубликовано:

Канададағы Лаваля университетінің ғалымдары шоколадты екіқабат әйелдер үшін пайдалы азық-түліктердің қатарына қосты.

Мамандардың 12 апта жүргізген тәжірибесі бойынша шоколад жеу іштегі нәрестенің денсаулығын жақсартатыны белгілі болды, - деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Массагет.

Тәжірибеге жүктілік мерзімі алғашқы үш айдағы және екінші үш айға кеткен 129 әйел қатысты. Қатысушылардың бір тобы күнде құрамында какаосы жоғары 30 грамм шоколад жесе, екінші топ какаосы төмен шоколад жеген.

Келіншектерге тәжірибе аяқталған соң Доплер ультрадыбыстық зерттеуін жасады. Оның көмегімен іштегі нәрестенің және бала жолдастың денсаулығы өлшенеді. Сонымен бірге ғалымдар әйелдерді босанғанға дейін бақылап жүрді. Шоколадты жеу болашақ ананың қан айналымын жақсартып, іштегі баланың дұрыс өсуіне оң әсер етуі ғалымдарды таңғалдырды.

«Шоколад құрамында болатын флавонидтер баланың денсаулығына айтарлықтай оң әсерін тигізді. Әсіресе ол қара шоколадта көп. Сондықтан да жүкті әйелдердің тағам рационына шоколадты қосуға болады. Ол іштегі нәрестенің денсаулығына әсер етіп қана қоймай, ісінуден, қан қысымының көтерілуінен сақтайды», - деді дәрігер Эммануэль Бюжольд.

Тағы да оқыңыздар:

Сәбит Әбдіхалықов кезекті рет инфаркт алып, ауруханаға түсті

Ақтөбеде екі әйелі мен сегіз баласы бар жігіт өзіне тағы да тоқал іздеп жатыр

Лондонда мас күйінде көлік жүргізген Қазақстан Елшілігінің қызметкері жұмыстан қуылды

Сафар Шәкеевті іздеп жүрген еріктілер кездейсоқ басқа жігітті тауып алды (фото)

Ильин: Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды, еш зауқым соқпайды

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1200713-zhukti-ayelderge-shokolad-zhegen-paydal/