Астанада анасының қарсылығына қарамастан хәл үстінде жатқан қызға қан құйылды

Опубликовано:

Бүйрегіне қан жетпей хәл үстінде жатқан қызына, анасының қарсылығына қарамастан қан құйылды деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Қазір қыздың жағдайы тұрақты. Біз оған қан құйдық, өйткені әкесі рұқсат берді. Анасы қатты ашуланды, бірақ не істей алады. 20 шілде оған операция жасалды. Бірақ операция барысында қыздың іш пердесінің мүмкіндік бермейтіні анықталды. Қазір ол гемодализде, оған бүйрек трансплантациясы қажет", - дейді Астана қалалық Бүйрек орталығының жетекшісі Венера Алтынова.

Оның айтуынша, дәрігерлер қыз бала қабылдайтын препарат дозасын ұлғайтуға мәжбүр болған. Гемоглобин қалыпты деңгейде. Бірақ ол жағымсыз әрекеткен әкелуі мүмкін, сондықтан қазір доза төмендетілген.

"Қазір ауыр анемия жоқ, гемоглобин қалыпты, бірақ азаю үрдісі бар. Қыздың жүрек жеткіліксіздігі – созылмалы және ауыр анемия. Оған бүйрек доноры қажет, ол қазір болмай тұр. Сондықтан науқас донорды ауруханада күтеді, үйіне шығарылмайды", - дейді Венера Алтынова.

Естеріңізге сала кетейік, «Иегова куәгерлері» ұйымының белді мүшесі, жалғызбасты ана Алматыдан бүйрегіне қан жетпей хәл үстінде жеткізілген қызына қан құйдыруға қарсылық танытып, Астанадағы ана мен бала орталығында үлкен жанжал туындаған болатын.

Осы кезде онсыз да бір бүйрегі жоқ 11 жасар Даянаның гемоглобині төмендеп, өлім мен өмірдің ортасында жатты. Әйелді райынан қайтара алмаған Ана мен бала орталығының басшылығы полиция, прокуратура және бала құқығын қорғау комитетіне арыз берген.

Оқиға орын алған кезде қолдау көрсету үшін «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшелері орталыққа келіп, қан құйдырмауға жанталасып жүрген еді.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Елдос Сметовтің басты қарсыластары кімдер? (фото, видео)

Алматы полициясы 10 күннен бері табылмаған Сафар Шәкеевті тікұшақпен іздеп жатыр

Атыраулық белсенділер Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ адамға "сыйлық" жасады (фото)

"Ыстықкөлде" қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғындар төбелесіп қалды (фото)

Қазақстан Эфиопияға 50 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы беретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1201781-astanada-iegova-kuagerimin-dep-qa/