Қытайлықтар өздері шығаратын тіс шұқығыш таяқшаның зиянын айтып берді

Опубликовано:

Салауатты өмір салтын насихаттайтын қытайлық бір сайт біз күнделікті өмірде жиі пайдаланатын тіс шұқығыш таяқшалардың өндірілу «құпиясымен» бөлісті.

Қытай жерінде танымал Huang Bo және ishibk.com сайттары осы таяқшаларды мұқият тексерістен өткізіпті деп хабарлайды 24 арна.

Олар бұл үшін таяқшаларды ішінде суы бар ыдысқа салып көрген. Сөйтсе, таяқшалар батырылған су сары түске боялып шыға келген екен. Мұнымен қоса, олардан жәндіктерге қарсы себілетін химиялық заттың иісі шыққан. Кепкен таяқшаларды ақ түсті шөгінді қаптағаны тағы бар.

Қоршаған орта және химиялық инженерия маманы Ма Чжаолидің айтуынша, өндірушілер таяқшаларды күкіртпен және ағашқа арналған лакпен бояйды. Ал судан құрғаған өнімнің қарайып кетуі оның көгергендігін білдіреді.

Тіс шұқығыш таяқшалар обыр ауруын тудыруы мүмкін Ал Sina басылымының хабарлауынша, гигиена үшін маңызды бұл өнімді шығару үшін ронгалит атты канцерогенді химикат кеңінен қолданылады.

Қытайдың Гуандун провинциясында шығарылатын тіс шұқығыш таяқшалар өндірісінің 70%-н қамтитын 150 фабрика жыл сайын 33600 тонна өнім өндіріп, онысын ронгалитпен өңдейді. Ронгалит – таяқшаларды ақ түске бояйтын улы зат. Ағзасына бұл химикат түскен адамның басы ауырып, жүрегі айнып, дәреті бұзылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Оңтүстікке келін болған якут қызы қалай қазаққа айналды?

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1210723-qytaylyqtar-ozderi-shygharatyn-tis-shuq/