Тар джинсы шалбардың қандай зияны бар?
Опубликовано:
Америкалық бренд саналатын «джинсы» шалбарларын кимейтін адам бүгінде кемде-кем. Бұл киімді ер де, әйел де тұтынады деп жазады ozgepikir.kz.
Қыздарға арналған джинсылар тар болғандықтан, денені айқындап тұратындығы біреулерге ұнаса, енді біреулерлер азар да безер болады. Сәннен ешқашан қалмайтын тар джинсыдың зиянды тұстары көп екенін дәрігерлер ескертіп, дабыл қағып отыр.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулығында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады.
Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болып, аяғы жиі ұйып қала беретін болады.
Осыған орай дәрігерлер жас қыздардың тар джинсыдан гөрі жұмсақ матадан тігілген кеңдеу шалбар кигені абзалырақ дейді.
Джинсы шалбардың ер кісілердің де денсаулығына тигізер зияны жоқ емес. Тар шалбар олардың белден төмен орналасқан тамырларын қысып, қалыпты жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін. Мұның салдары еркектік қабілетке қатысты түрлі ауруларға соқтырады.
Сол себепті ер азаматтардың да еркін шалбар кигендері дұрыс. Дәрігерлердің мұндай зерттеуі мен кеңестері күнделікті өмірде ұмыт қалып жатады. Алайда соның салдары өз денсаулығымызға орасан зиян әкелетінін естен шығармауымыз керек.
Тағы оқыңыздар:
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?
Шымкенттік тұрғын төрт немересінің сүндет тойында ту көтеріп, Әнұран шырқатты
ОҚО-да өмірден түңілген әйелдердің өзіне қол салуы жиілеп кеткен
38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады
Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)
Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1226130-tar-dzhinsydynh-qanday-ziyany-bar/