Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100 рет ота жасатқан ару қыпша белге жетуі үшін алты қабырғасын алдырып тастады 

Опубликовано:

Швецияда 26 жастағы Пикси Фокс есімді бойжеткен сұлу болу үшін 100-ден астам пластикалық ота жасатқан. Ару, тіпті қыпша белге жетуі үшін алты қабырғасын алдырып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен жасыл көзді болуы үшін көз жанарын да ауыстырған. Үйіне мүлде танымастай өзгерген күйі келген ару анасы мен жақындарын алаңдатуда. Ол отаға кемінде £ 100,000 қаражат жұмсаған. Ал ақшаны табынушыларының берген қаражаты есебінен тауыпты.

Бойжеткен ота кезінде іші мен аяғындағы майын ерні мен әуретті жерін үлкейтуге жұмсап отырады.

"Анамның менен көңілі қалғанын білемін. Әсіресе кезекті рет ота жасатқанымда көңіл-күйі түсіп кетеді", - дейді Пикси.

Жақындарының арасында тек әпкесі Ловис қана Пиксидің әрекеттеріне түсіністікпен қарайды. Ловис жылқыларды күтумен айналысады және сіңлісіне қарағанда ешуақытта келбетін өзгертуге талпынған емес.

Арудың анасы Анна-Лена қызының денсаулығы сыр беріп жатқанына қатты алаңдап отыр.

Бойжеткен қыпша белділер арасында Гиннестің рекордын жаңартуды армандайды. Ол үшін, тіпті алты қабырғасы алынып тасталған денесіне корсетті тастамай киіп жүр.

Пикси 2017 жылы тағы он пластикалық ота жасатпақ.

Тағы да оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауына қатысатын арулар кімдер? (фото)

Әсет Исекешев: Астана Әбу-Дабиден асып кетті

Оралда өз құрбыларын зорлап келген мектеп оқушысы он жылға колонияға түсті

Каспийдегі әскерилердің өліміне кінәлі офицерлер сотталып кетті

Ұлттық құраманы 22 жыл басқарған Алексей Ни отставкаға кетті

Түймебаевтан сөз естіген шымкенттіктер қақаған аязда жаппай ағаш отырғызуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1329194-100-ret-plastikalyq-ota-zhasatqan-aru-qyp/