Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада төрт жасар сәби күн санап қартайып бара жатыр (фото)

Опубликовано:

Астанада ата-анасымен бірге тұратын кішкентай Ернар Әлібеков ауыр дертке шалдыққан. Небәрі 4 жастағы бүлдіршіннің келбеті кәрі адамға ұқсайды және оған көптеген ауыр диагноздар қойылған деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ

Иммунитет тапшылығымен күресу үшін Ернарға апта сайын бағасы қымбат тұратын инъекциялар салу керек. Дәрінің бір дозасы - 74 мың теңге тұрады.

«Ернардың денсаулығы дүниеге келген күннен бастап сыр бере бастады. Екі айдан кейін мұрны мен ерні қыртысталып, ісіп кетті. Дәрігерлер сусымалы тері синдромы диагнозын қойды», - дейді сәбидің анасы Зебинса Әлібекова.

Оның айтуынша, кішкентай Ернар тағы бірнеше дертке шалдыққан: алғашқы иммунитет тапшылығы, жүрек ауруы, ауыр дәрежедегі бронх демікпесі және өкпе фиброзы.

Әлібековтер отбасы Ташкенттен көшіп келген. Ернар – олардың алғашқы баласы емес, оған дейін 8 айлығында шетінеп кеткен қыздары болыпты.

«Жүктілік кезінде бәрі жақсы болды. Дәрігерлердің айтуынша, бар мәселе - күйеуіміз екеуіміздің алыс туысқан екенімізде екен», - дейді Зебинса.

Қазір бүлдіршінге ең ауыр диагнозымен күресу үшін үлкен көлемдегі қаржы керек.

"Біз әкімдікке хат жаздық. Бір ай күту керектігін айтты. Қаңтардың соңында қала басшылығының шешімі белгілі болады", - дейді Ернардың анасы.

Науқас бала отбасымен бірге жалданған пәтерде күн кешіп жатыр. Иммунитеті әлсіз болғандықтан, жан-жақтағы заттардың бәріне аллергиясы бар балаға тұрып жатқан жерлері оның жағдайын жасауға мүлде келмейтінін айтып, мұңын шақты ата-ана.

Қажетті қаражатты жинауға көмегі тиер деген ниетпен анасы Instagram желісінен парақша ашқан. Жоғарыда аталған диагноздарға қарамастан, Ернар басқа балалар секілді қарапайым дүниелердің өзіне қуанады және өмір сүргісі келеді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтарды "оңбаған", "маңқа" деп атаған қырғыз ақындары жұрттың ашуына тиді (видео)

Атышулы журналист әкімдер мен министрден қалай ақша бопсалағанын айтып берді

Елбасының жанындағы ұрылар туралы ашып айтқан Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз?

Мұхтар Шаханов: Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан айырылсын

Алматылық кәсіпкер Баян Есентаевамен түскен суретін салып, желіні шулатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1379160-astanalyq-tort-zhasar-qariyanynh-anas/

pixel