Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 жылдан бері далаға шықпаған әлемдегі ең семіз әйелге ота жасалмақшы (видео)

Опубликовано:

Әлемдегі ең семіз әйелге ота жасалатын болды, деп хабарлайды Baq.kz.

36 жастағы Иман Ахмад Абдулатидің салмағы 500 келі, яғни жарты тонна тартады. Хирургтер ота жасап, оның салмағын 150 келіге дейін төмендетпек. Алып әйелге ота Үндістанда жасалмақ. Ол жерде Иман емдеу курстарынан өтеді. Семіз әйелді үйден алып шығару да оңай болмаған. Египеттік келіншекті үйінен кранмен көтеріп шығарған. Ауруханаға арнайы жүк көлігімен жеткізілген.

Бұған дейін инсульт алған Иман өздігінен қозғала да алмайды. Ем-дом шаралары бірнеше айға созылады деп отыр мамандар.

Иман Ахмад Абдулати Египеттің Александрия қаласында тұрады. Артық салмақтың зардабын тартып отырған келіншек 25 жылдан бері далаға шықпаған. Ешқашан мектепте оқымаған. Семіз әйелге анасы мен әпкесі көмектесіп тұрады екен. Оған кішкентай кезінде элефантиаз – піл ауруы деген диагноз қойылған.

Анасының айтуынша, оның денсаулығына әкесі өмірден өткеннен кейінгі күйзеліс те әсер еткен.

Тағы оқыңыздар:

Астанада 3,3 млрд теңгелік вилла сатылымға қойылды (фото)

Ким Чен Ын ағасының өлімі туралы тіс жармай отыр

Елімізде АИ-80 маркалы жанармай өндірісі тоқтатылатын болды

Ресми кездесуге оранып келген Швеция министрі сынның астында қалды

"Ислам мемлекетінің" құрамында қытайлар да соғысып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1411988-25-zhyldan-beri-dalagha-shyqpaghan-alemdegi/

pixel