100 жастағы қызылордалық әжейге жаңадан тіс шығып, күн сайын жасарып бара жатыр (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысы, Айнакөл ауылында тұратын 100 жастағы Раушан Ағыбаеваның шашы қарайып, кезінде түгел түсіп қалған тістерінің орнына жаңасы шыға бастапты деп хабарлайды Қазақстан-Қызылорда арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әжесінің самайындағы қара шашты бірінші болып кішкентай немелері байқап қалған екен. Ал әжейдің балалары болса бұл құбылысқа таңғалып отыр.

" 100-ден асқан адамның тісі шығып, шашы қараяды екен. Өткен жылдың қараша-желтоқсан айында аузым ауырады деп айта берді. Аузын жаймен ашып көргенімізде төменгі жағынан тіс шығыпты", - дейді ғасыр жасаған әжейдің ұлы.

Кейуана 17 құрсақ көтеріп, оның тоғызын аман-есен жеткізген. Әжейдің бүгінде 31 немересі, 38 шөбересі мен 11 шөпшегі бар.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да аудан әкімі алғыс айту күнінде халықтың ризашылығына бөленді (фото)

Сегіз рет тұрмысқа шыққан Алматы тұрғыны тағы да ажырасып жатыр

2 жасар балаға таласқан әйелдердің ісін сот нақты шеше алмай жүр

Димаш Құдайберген: Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын (фото)

Отандық шоу бизнестегі тағы бір топтың құрамы өзгерді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1426408-100-zhastaghy-qyzylordalyq-azheydinh-aghargha/