Жеті жыл комада жатқан әйел оянғаннан кейін жеті жасар баласымен жүздесті

Опубликовано:

Сербияда 2009 жылы қыз босанып, комаға түскен Даниэла Ковачевич жеті жылдан кейін оянды. Комадан оянған әйел алғаш рет жеті жасар қызын көрген. Бұл туралы NUR.KZ порталы malaysiandigest.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеті жыл бойы ес-түзсіз күйде жатса да өмірге қайта келген әйел дәрігерлерді таң қалдырды.

Даниэла Ковачевич босану кезінде қаны уланып, комаға түседі. Ал қызын сәтті босандырып алған дәрігерлер оның жеті жыл бойы комада жатуының куәсі болған. Әйел елдегі комада ең ұзақ уақыт болған адам ретінде тіркеліп отыр.

Әйелдің жеті жасар қызы анасының оянуын тағатсыздана күтіп жүрген.

"Ол бұрынғыдан жақсы болып қалды. Аздап салмақ қосты, күле де алады", - дейді Даниэланың әкесі Джордж Ковачевич.

Дегенмен әйелдің ұзақ уақыт комадан кейін оңалып кетуіне қомақты қаражат қажет болып отыр.

"Біз оның жөргектерін үш сағат сайын ауыстырып отырамыз, дәрілері де удай қымбат", - дейді әйелдің жақындары.

Белгілі болғандай, Даниэла 17 жасында жүкті болады. Оның сепсис дертінен жарты сағат бойы жүрегі тоқтап қалған. Білікті дәрігер оның жүрегін қайта соқтырғанымен, бойжеткен комаға түсіп қалған.

"Содан бері жеті жыл өтті. Ол ешкімді танымайды, тек тамақ ішіп, сөйлей алады. Жүретіндей күйге жетпеді, аздап қолын қозғалтады", - дейді әкесі.

Ал Даниэланың оянуын тағатсыздана күткен жеті жасар қызы енді сабақтан кейінгі бар уақытын анасының қасында өткізуде.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоғыз жасар қызды жездесі мен нағашы атасы қорлап келген

Отбасылы жігітпен төсектес болған бойжеткенді ел алдында масқаралады (фото)

Ақтөбелік ананың келін-баласы үшінші сәбиін Сирияда дүниеге әкелді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1435958-zheti-zhyl-komada-zhatqan-ayel-oyanghannan/