48 сағат өмірі қалған қыз ғажайыптың күшімен жазылып кетті (фото)
Опубликовано:
Джемма Уокер жеткіншек кезінде депрессия мен жүйкенің жұқаруына байланысты анорексия ауруына шалдыққан. Ол жақындарының көз алдында сөніп бара жатыр еді. Ата-анасы дәрігерлердің Джемманың өмір сүруіне 48 сағат қана қалды деген ауыр сөздері есіне түссе әлі күнге дейін жүректері ауырады деп хабарлайды qamshy.kz.
Алайда Джемма тірі қалды. Ол үшін көп уақыт пен үлкен қажыр қайрат керек болды. Уақыт өте келе қыздың салмағы 30 келіге жетеді. Дәрігерлер дереу ауруханаға жатқызу керектігін айтады. Джемманың әкесінің күні палатаға кіріп, қызының жүрегі соғып тұрғанын тексерумен басталатын. Науқас қыздың ата-анасы түні бойы Джемманың жанынан шықпай, қолдарынан келгенше көмектесуге тырысты.
Джемманың жағдайы нашарларп 26 келімен жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан кезі болған. Дәрігерлер енді қыз оңалмайды деп ойлады. Бір ғажайып күшпен Джемма тірі қалды. Қыз салмақ жинай бастағанда ата-анасының қуанышында шек болмады. Алайда Джемма үнемі аш жүріп, бірден тамақты өте көп мөлшерде жей бастаған. Салдарынан анорексиядан кейін булемия мен асқа тәуелділік пайда болды.
Джемманың ата-анасы оны әрқашан қолдап, қол ұшын беруге дайын еді. Әке-шешесі мен психологтар Джемманың жүйке ауруын емдеп шыға алды. Одан кейінгі белес дендеген ауруын жеңу еді. Денсаулығын жақсарту жолында ол ұзақ күресін бастады. Ауруды жеңу үшін Джеммаға 7 жыл қажет болды.
Бұрынға анорексия ауруына шалдыққан қызды қазір тану қиынға соғады. Қазір Джемма күнде ата-анасына алғыс айтып, құдайға шүкіршілік етеді. Джемма ғаламторға бұрынғы және қазіргі жағдайдағы фотоларын сала отырып, өзінің өткергенін бастан кешіп жатқандарға анорексияны жеңуге болатынын көрсеткісі келеді. Оларға үміт сыйлап, күш беруді қалайды.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты
Ақтөбеде мектеп оқушылары миында ісігі бар сыныптастарын соққыға жықты
Мақпал Жүнісованың дауға айналған фильмге жазған саундтрегі жарық көрді (видео)
Рамзан Қадыров ауыр дертке шалдыққан қазақстандық әйелге қаражат аударды (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1459704-48-saghattan-artyq-omir-surmeydi-degen-qy/