Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы 70-тен асса да, жеті сағат бойы тік тұрып ота жасайтын хирург көпшілікті тәнті етті (фото)

Опубликовано:

60 жастан асқан соң көпшілік өзін қария сезінетіні рас. Алайда, 70-ті еңсерген Шәкір Шүкірұлы үшін бұл жай әшейін цифр. Себебі, ол жастардан қалыспай 7 сағат тікесінен тік тұрып ота жасауға даяр. NUR.KZ порталы зейнеткер хирургтың бір күнін көру үшін А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына бет бұрған еді.

Журналистер емханаға келгенде профессор 75 жастағы әжейге ота жасап жатқан болатын. Жоспарлы ота уақытылы аяқталса да дәрігер 1 минут бел жазбастан, жаңа қолғап киіп көрші бөлмедегі екінші науқастың отасына кіріп кетті. Себебі, жас хирургтарға ата ұстаздың көмегі қажет еді. Ал әріптестері қарияның әлі де болса тың екенін мақтанышпен айтады.

«60-тан асқан соң хирургтардың көздері нашар көреді, қолы дірілдеп, аяқтары ауырып ота жасай алмайды. Ал Шәкір ағамызда ондай жоқ. Жастармен бірге он шақты сағат тік тұруға бар. Өте мықты азамат. Білмегеніңді сұрасаң демалыста болса да жұмысқа келіп, түсіндіріп, көмектесіп, көрсетеді», - дейді әріптестері.

Санаулы секундтарда қас шебер науқасқа тек ота жасап қоймай, бірден 6-7 дәрігерге сабақ өткізіп, білмегенін үйретіп те жатады.

Фото: Петр Карандашов

Әріптестері Шәкір Шүкірұлын «Алтын қолды хирург» деп атайды. Себебі, ол еліміздегі өңеш, асқазан, рак ауруларына шалдыққандарды ота арқылы емдеп 95 пайызын өмірге қайта әкелетін тұңғыш, әрі бірегей дәрігер. Әріптестерінің сөзінше 1985 жылға дейін қылтамақ, өңеші күйген науқастардың 80 пайызы аурудан айықпай көз жұмса, қазір бұл көрсеткіш 90 пайызға төмендеген. Алайда профессор мұны «өзінің адами паразым» деп қана санайды.

Зейнетке шығып, үйде жатуды ойламаппын

Жоспарлы операция біткен соң да дәрігер үйіне қайтпайды. Тіпті, түскі үзіліс кезінде де кабинетінің алдында кезекке тұрған оншақты науқасты қарап, диагноз қойып, емін жазып беріп жатты. Осылайша қария күніне 15-ке жуық науқасты тексеруден өткізеді. Арасында медицина университетіне барып, студенттерге дәріс оқиды.

Фото: Петр Карандашов

- Хирургия, ғылым деп жүріп 70-ке келгенді білмейде қалдым. Еш уақытта зейнетке шықтым болды, демалам деп ойлаған емеспін. Отадан шыққан науқастар қалай екен деп хәлін білу үшін тіпті, сенбі, жексенбі күндері жұмысқа келем. Ойлап отырсам, өмірімінің басым бөлігі жұмыста өткен екен. Енді өмір бойына жинаған тәжірибемді жастарға үйретсем деймін. Денсаулығым жараса, емдеуден бас тартпаймын, -дейді професссор.

Фото: Петр Карандашов

Өңеш хирургиясының патшасына айналған профессор осы күнге дейін 9000-ға жуық адамның өмірін құтқарыпты. Жыл сайын 200 науқасқа жоспарлы операция жасап, 50-ге жуаық медицияналық жаңа тәсіл ойлап тапқан. Оны ТМД дәрігерлері әлі күнге қолданып жүр. Осы еңбегі үшінде талай рет Мәскеу қомақты қаламақы дайындаған.

- Көз алдымызда жұтқыншағы зақымдалған қаншама науқас қайтыс болды. Бір бөлімде 10 адам жатса соның 8-і өлетін еді. Қазір 95 пайызы сәтті отадан соң өмірін жалғастырады. Оның басты себебі, медицина ғылымының дамуы, отандық дәрігерлердің біліктігі. Бұрын қылтамаққа шалдыққандар, уксус ішіп қойғандар, тамақ жей алмай аштықтан да өлген еді. Қазір ондай жоқ. Жұтқыншақтары зақымдалғандарға асқазан, ішектен жаңадан өңеш тігеміз. Оның өзін науқастың жанын қинамай, асқынып кетпейтіндей етіп жасап береміз, - дейді ақсақал.

Фото: Петр Карандашов

Шәкір Жораев өмірінің басты жетістіктерін өз мамандығын сүйе білуден дейді.

- 70-ке келсем де ота жасап, шауып жүруім ол хирургияға саласында деген үлкен махаббат. Кезінде Алматыдағы 2-3 үлкен ауруханаларға басшы қызметіне баруды да ұсынды. Одан да бас тарттым. Себебі, мен үшін атақ, дәреже, ақша емес, ғылым, өңеш ауруларындағы адам өлімін азайтсам да арман бірінші тұрды, - дейді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бизнесмен бай қазақтар үшін Мальдив аралынан салтанатты шипажай ашты (фото)

Елдің сынына ұшыраған астаналық жаңа VIP-терминал 60 млрд теңгеге салынған (фото)

БҚО-да мүгедек-спортшыға пәтерді кезексіз берген шенеунік жұмысынан қуылмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1485395-zhasy-70-ten-assa-da-zheti-saghat-boyy-tik-tu/