Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пластикалық ыдыстар обыр ауруын тудыратын болып шықты

Опубликовано:

Британдық Эксетерск университетінің ғалымдары пластикалық ыдыс арқылы адамның ағзасында обыр ауруы пайда болуы мүмкін деген тұжырымға келді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Мамандар пластикалық бөтелкелер мен контейнерлер құрамында болатын "бисфенол" химиялық қоспасы денсаулыққа аса қауіпті деп отыр.

Олар эксперимент ретінде 94 жасөспірімнің зәрін зерттеп, 86 пайызында бисенфол қоспасын анықтаған. Ыдыс арқылы тамаққа түсетін улы заттан ағзасын тазарту үшін, пластикалық ыдыстарды мүлдем қолданбай да көріпті. Алайда ол ағзадағы бисфенолдың жойылуына көмектеспеген.

Ғалымдар әсіресе, ұзақ қолданатын су бөтелкелерінен қауіп күшті дейді.

Ал British Plastics Federation ұйымы бұл зерттеу нәтижелерімен келіспей отыр. Олар пластмассадағы бисфенол зияны тым әсіреленген дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1715354-plastikalyk-ydystar-obyr-auruyn-tudyratyn-bolyp-sykty/

pixel