RU

Көзінен 14 құрт шыққан бойжеткен дәрігерлерді шошытты

Ғалымдар жануарларда ғана болатын Thelazia gulosa (гельминттің бір түрі) құртының адамдардың ағзасында тіршілік ете алатынын анықтады деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Көзінен 14 құрт шыққан әйел дәрігерлерді шошытты
Көзінен 14 құрт шыққан әйел дәрігерлерді шошытты: UGC

26 жастағы америкалық қыз Эбби Бекли 2016 жылы балық аулап жатқан кезде көзінен ұзындығы 1,3 сантиметр болатын құрт алып шыққан.

Көзі қызарып, басы ауыра берген соң бір аптадан кейін ол ауруханаға барады. 20 күн ішінде дәрігерлер көзінің ішінен 14 құрт алып шығады.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай құрттарды көздің ішінен тезірек алып шықпаса, көздің ішкі қабығы зақымдалып, адам соқыр болып қалуы мүмкін.

Бірақ Эбби Бекли дәрігерлер құрттарды алып шыққасын бірден өзін жақсы сезінген, оның көзіне ешқандай зақым келмеген.

Мамандар бұл паразиттер әйелдің көзіне Musca autumnalis шыбындары арқылы түсуі мүмкін екенін айтады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1716753-kzinen-14-krt-sykkan-bojzetken-drigerlerdi-sosytty/