RU

Жыныстық қатынасқа аптасына қанша рет түскен дұрыс?

Көптеген жұптардың екіге айрылысып, қарым-қатынастарының сууына жыныстық қатынастың сиректігі де себеп болуы мүмүкін. Осыған орай Украинадағы урология институның сексопатолог маманы Максим Романюк адамның жас шамасына қарай жыныстық қатынаспен аптасына қанша рет айналысуы керектігін мәлім етті деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

30 жасқа дейінгі адамдар

Бұл жас шамасында еркек пен әйел жыныстық дамуы бір деңгейде тұрады. Сондықтан, жыныстық қатынаспен күніне бірнеше рет айналысуға мүмкіндік бар. Аталмыш шақта әйелдердің сезімталдылығы енді ғана оянып келе жатқандықтан, олардың басым бөлігі "оргазмды" сезіне алмайды.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

30-40 жасындағы адамдар

Бұл жаста адамдардың тұрақты жұбы пайда болып, бұрынғыға қарағанда жыныстық қатынас сирей түседі. Олар төсектеаптасына 2-4 рет қосылуы мүмкін. 30-дан асқан еркектердің гормондары жоғары дәрежеде, ал әйелдер жыныстық дамудың ең шыңында болады.Оған нәзік жандылардың жүктілігі немесе басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

Әйелдердің жыныстық дамуының өте жоғары деңгейеге жетуіне байланысты, олардың дәл осы жас аралығында күйеуінің көзіне шөп салаты оқиғалары жиі байқалған.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

40-55 жас аралығындағы адамдар

Ерекетерде тестестеронның азайып жатқанына қарамастан, бұл уақыт олардың жаңашылдықты қажет ететін шағы болып саналады. Дәл осы кезде олардың басқа әйелге көз салуы жиілейді. Ер азаматтар рөлдік ойындар мен эмоцияға толы төсек қатынасын қалай бастайды екен.

Аталмыш жастағы адамдар орта есеппен аптасына бір рет қана жыныстық қатынасқа түсетін көрінеді.

Ал әйелдерде бұл шақта қартаю процесі басталады. Олар көбіне отбасылық мәселелерді ойлап, жұмысына көңіл бөлуді арттырады.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

55-65 жас аралығы

Ер азаматтар мен әйелдер климакстан өтеді. Алайда бұл әр адамға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Мәселен көптеген еркектер өздеріндегі тестестеронның деңгейі түсіп кеткендіктен, жыныстық қатынас туралы мүлдем ойламауы мүмкін. Ал кейбірі керісінше, жас қыздармен кездесіп, өздерін қанағаттандыруға тырысады.Әйелдердің де жағдайы осыған өте ұқсас келеді. Егде жастағы әйелдердің жас жігіттермен кезедесе бастауы да осының әсерінен болады.

Жалпы, 55-тен асқан адамдар орта есеппен 7-10 күн ішінде жыныстық қатынасқа бір-ақ рет түсуі мүмкін.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1719427-zynystyk-katynaska-aptasyna-kansa-ret-tsken-drys/