Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар мысықтың пырылы адамдарға пайдалы екенін анықтады

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар мысықтың пырылы адам жарақатының регенерациясын жылдамдатады деп санайды. Мұндай дыбыс күйзелісті азайтып, адамды тынышталдырады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар мысықтың пырылы адамдарға пайдалы екенін анықтады
Ғалымдар мысықтың пырылы адамдарға пайдалы екенін анықтады: UGC
Мамандар мысықтардың 25-тен 150-ге дейінгі герц диапазонында пырылдайтынын хабарлады. Бұл - адам организміне пайдалы әсер ететін төменгі жиіліктер.

Пырыл нейрондардың үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде адам күйзелісті тез жеңіп шыға алады.

Ғалымдар мысықтар пырылдаған кезде шығатын вибрациялар сүйектер сынған жағдайда оларды қалпына келтіруге әсер ететінін айтады.

Төмен жиілікті импульс кальцийді өндіруге жағдай жасайды. Сонымен бірге мысық иелері жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына сирек шалдығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1720047-galymdar-mysykty-pyryly-adamdarga-pajdaly-ekenin-anyktady/

pixel