Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеміс шырындары адам өміріне аса қауіпті болып шықты

Опубликовано:

АҚШ-тағы Эмори университетінің зерттеушілері жеміс шырындары мен тәтті сусындардың 45 жастан асқан адамдардың өміріне аса қауіпті екенін анықтады деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Зерттеуге 30 183 адам қатысып, соңына дейін 18 мың ерікті сынақ нәтижесіне атсалысқан. Мамандар қант диабетімен және жүрек қан-тамырлары ауруkарымен ауыратын жандарды тізімнен алып тастапты.

Қатысушылардың шырын мен тәтті сусындарды және ,асқа да қант қоспасы көп өнімдерді қолдану жиілігі анықталған. Олардың ағзасындағы өзгерістерді алты жыл бойы бақылаған ғалымдар, қайтыс болған қатысушылардың өліміне не себеп болғанын нақты зерттеп отырған.

Белгілі болғандай, күніне шамамен бір литр тәтті сусын ішетін адамдар оны 30 миллилитрден артық тұтынбайтын қатысушыларға қарағанда, жүректің ишемиялық ауруларынан екі есе жиі көз жұмған. Ал басқа қант қопасы бар өнімдер адам өліміне әсер етпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1722832-zemis-syryndary-adam-mirine-asa-kauipti-bolyp-sykty/

pixel