Ғалымдар жүрекке ең пайдалы тағамды атады
Опубликовано:
Ғалымдар Швециядағы 60 мың тұрғынға зерттеу жүргізіп, жүрекке ең пайдалы тағамды анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге 45-83 жас аралығындағы адамдар қатысқан. Нәтижесінде жаңғақтарды тұрақты түрде азық ету жүрекке пайдалы екені анықталды. Бұл жүрек жұмысындағы ақаулардың алдын алады екен.
Айына бір-үш рет жаңғақ жегендер жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін үш пайызға азайтады, аптасына бір-екі рет жейтіндер 12 пайзыға, ал аптасына үш реттен артық жейтіндер 18 пайызға азайтатын көрінеді. Зерттеу 18 жыл бойы жүргізілген.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1727761-galymdar-zrekke-e-pajdaly-tagamdy-atady/