Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар күйзелістің алдын алатын қарапайым әдісті анықтады

Опубликовано:

Әлемнің үздік ғалымдары біріге отырып күйзелістен қорғану жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде, кез келген жастағы адам күйзелісінің алдын алуда физикалық белсенділік елеулі рөл атқаратыны анықталған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Күйзеліске қатысты зерттеуге АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Бельгия, Швеция және Австралия мемлекеттерінің ең үздік деп танылған ғалымдары атсалысты.

Ғалымдар түрлі елдерде жүргізілген 49 зерттеу жұмыстарының қорытындыларын біріктірді. Олар жеті жыл бойы 277 мың психикасы дұрыс адамдарды бақылауда ұстаған.

Бақылау нәтижесіне орай, физикалық белсенділігі жоғары деңгейдегі адамдардың күйзеліске шалдығу көрсеткіштері өте төмен болып шыққан. Ал спортпен көп шұғылдана бермейтіндер болса, керісінше күйзеліске жиі шалдығып тұратындар қатарына кіреді.

Ғалымдар өз зерттеуін әлі де жалғастырып көрмек. Ендігі мақсат - күйзеліске мүлдем шалдықпас үшін қанша мөлшерде энергия жұмсау керектігі анықтау.

Әлем мамандарының зерттеу нәтижелері америкалық ғылыми психиотерапия журналында жарық көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1728857-galymdar-kjzelisti-aldyn-alatyn-karapajym-disti-anyktady/

pixel