Тәтті өмір: Ғалымдар шоколадтың денсаулыққа пайдасын анықтады
Опубликовано:
АҚШ-тағы Лом Линд атындағы университетінің ғалымдары құрамында көп мөлшердегі какао бар шоколад адамның иммунитетін жақсартып, ми белсенділігін арттыруға елеулі септігін тигізеді деген мәлімдеме жасады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Америкалық ғалымдар ғылыми зерттеулер барысында шоколад әсерінен гамма-ауданында ми белсенділігінің өсімін байқаған.
Зерттеу нәтижесінде, 48 грамм мөлшеріндегі шоколад адамдардың есте сақтау қабілеті мен сан алуан ақпаратты қабылдауын жетілдіре түсуге қауқарлы екені дәлелденді.

Оған қоса адам организміне какаоның әсері тексерілген. Ғалымдардың айтуынша, 70 пайызы какаодан тұратын шоколад жасушааралық байланыс жолдарын жақсартады. Олар өз кезегінде адамның иммундық жүйесіне оң әсерін тигізбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1728939-ttti-mir-galymdar-sokoladty-densaulykka-pajdasyn-anyktady/