Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызыл балықтың денсаулыққа түк пайдасы болмай шықты

Опубликовано:

Көпшілік "ең пайдыл әрі дәмді" санайтын қызыл балық туралы пікірді ғалымдар жоққа шығарды. Оның дәмі тіл үйіргенімен, ағзаға берер пайдасы жоқ дейді мамандар. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Арктика жағалауында тұратын халықтың денсаулығы басқаларға қарағанда анағұрлым мықты болатыны бұрыннан мәлім. Оған себеп - балық өнімдерін көп тұтыну. Нақтырақ айтқанда, бұл - Омега-3 қышқылын жинақтайтын балық майының пайдасы екен.

Кейінірек ғалымдар балық түрлеріне зерттеу жүргізе келе, оның қай түрі денсаулыққа көбірек пайдалы екенін анықтады.

Белгілі болғандай, ағзаға соншалықты жақсы әсер ететін Омега-3 қышқылы балықтың өзінде емес, ол азық еткен теңіз балдырлары арқылы жинақталады екен. Ал ішек-қарыны ақтарылып құр еті ғана біршама уақыт тоңазытқышта сақталған қызыл балықтың денсаулыққа пайдасы аз қалады.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Оған қоса, аталмыш балықты көбіне өнеркәсіп орындарында дайындайды және ол табиғи қалыпта емес, жасанды жолмен өсіріледі. Тіпті теңіз балдырларымен емес, арнайы жеммен тамақтандырылады екен. Сондай-ақ қымбат сортты балық тез бұзылып кетпес үшін оған түрлі қоспалар мен дәмдеуіштер қосылатыны да жасырын емес.

Айта кетейік, АҚШ-та балықты мұндай жолмен өндіруге тыйым салған. Шын мәнінде, егер қызы балықты Норвегия немес Финляндияның зінен барып аулағанына және оны еш қоспасыз тоңазытқышта сақтағанына сенсеңіз, оның ағзаға пайдасы орасан зор болмақ.

Сонымен, ғалымдар зерттеуіне сәйкес, ең қолжетімді әрі пайдалы балық түрлері - майшабақ пен скумбрияболып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1729793-kyzyl-balykty-densaulykka-tk-pajdasy-bolmaj-sykty/

pixel