Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тершеңдік ауыр дерттің алғашқы белгісі болуы мүмкін

Опубликовано:

Ғалымдар тершеңдік онкологиялық аурудың бастапқы кезеңінің белгісі болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы sorokainfo.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тершеңдік. Көрнекі фото: AmazingWoman.ru
Тершеңдік. Көрнекі фото: AmazingWoman.ru: UGC

Әсіресе термен бірге денеңізден жағымсыз иіс шығатын болса, денсаулығыңызды тексергеніңіз абзал.

Ғалымдар асқан тершеңдік біріншіден гипергидроз атты дерттің белгісі болуы мүмкін екенін ескертуде. Бұл дерт әдетте отбасының барлық мүшелеріне беріледі және жүйке жүйесіндегі ауытқушылықтан туындайды.

Қанда қант мөлшері азайса да, тершеңдік пайда болады. Ондай кездері тері суып, жабысқақ болып, шаштың түбінде де жабысқақтық сезіледі. Мұндай жағдайда бірінші кезекте бас миына ауыртпашылық түседі.

Тершеңдік, сонымен қатар жүкті әйелдер мен климаксқа шалдыққан әйелдерде байқалады.

Паркинсон дерті мен лимфома дерті кезінде де тершеңдік болатынына ғалымдар баса назар аударуда. Лифома - лимфатикалық жүйенің қатерлі дертке шалдығуы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1730230-tersedik-auyr-dertti-algasky-belgisi-boluy-mmkin/

pixel