Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шынайы махаббатпен жыныстық қатынасқа түсу денсаулыққа пайдалы болып шықты

Опубликовано:

Өмірлік махаббатыңызбен жыныстық қатынасқа түсу денсаулығыңызға пайдалы. Мұндай тоқтамға келген америкалық ғалымдар шынайы махаббатты жолықтырудың маңыздылығын алға тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.am сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: news.am
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: news.am: UGC

Белгілі болғандай, бір-біріне ессіз ғашық ерлі-зайыпты жыныстық қатынасқа түскенде, олардың физикалық және психологиялық жағдайы жақсара түседі екен. Адамның қартаю үдерісі бәсеңсіп, жүрек жұмысы жақсарады. Сонымен қатар тұмауға да иммунитеті жоғарылайды екен.

Огайо университетінің ғалымдары ондай жыныстық қатынас қанға түрлі пайдалы гормондардың бөлінуіне мүмкіндік тудыратынын айтуда.

Мәселен, қанға бөлінетін допамин ағзадан холестериннің шығуына көмектесіп, психикаға оң әсер етеді.

Зерттеушілер сезімге беріліп жыныстық қатынасқа түсу артық салмақтан арылуға көмектесетінін алға тартты. Ал ешқандай сезімсіз төсек қатынасына бару керісінше салмақ жинауға әкеліп соқтырады дейді мамандар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1730527-synajy-mahabbatpen-zynystyk-katynaska-tsu-densaulykka-pajdaly-bolyp-sykty/

pixel