Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау керек?

Опубликовано:

Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйқы. Көрнекі фото: Женский клуб леди
Ұйқы. Көрнекі фото: Женский клуб леди: UGC

Түн ұйқысы мәселелерін зерттейтін маман Мэтью Уокер мезгілсіз қазаға душар болмау үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады.

Оның сөзіне сенсек, адам денсаулығы үшін тәулігіне сегіз-тоғыз сағат ұйықтау маңызды.

Уокер ұйқыға ерекше мән беру керектігін алға тартты. Профессордың айтуынша, ұйқының қанбауы семіздік, қатерлі ісік немесе жүрек ауруларын тудыруы мүмкін.

"Егер сіз тек алты-жеті сағат ұйықтап жүрсеңіз, қандай да бір дертке душар болу қаупі көбейеді", - дейді Уокер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1730555-zak-mir-sru-sin-kansa-sagat-jyktau-kerek/

pixel