Артық салмақтың қандай пайдасы бар?
Опубликовано:
Дания ғалымдары артық салмақтың пайдасы барын анықтады. Олар 2011 жылдан бастап, 2015 жылға дейінгі аралықта 18 мың науқасқа зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Сигрид Грибсхольт есімді дәрігер обыр ауруларынан артық салмақ құтқаратынын дәлелдеп шыққан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Толық адамдарда салмағы аз адамдарға қарағанда аман қалу мүмкіндігі 40% пайызға жоғары екен.
Сондай-ақ әлем ғалымдары артық салмағы бар кісілердің пневмония мен сепсис ауруларына да төтеп беріп, тезірек сауығып кететінін анықтаған.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші Динара Сұлтан артық салмағынан арыла алмай жүргенін мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1733850-artyk-salmakty-kandaj-pajdasy-bar/