Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағзаға түк пайдасы жоқ дәрумен түрлері белгілі болды

Опубликовано:

Канадалық медицина ғалымдары көпшілік жиі тұтынатын дәрумендердің ағзаға түк пайдасы жоқ екенін анықтады. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: ria.ru
Көрнекі фото: ria.ru: UGC

Зерттеушілер 2012-2017 жылдар аралығында дәрумендер қабылдайтын адамдардың ағзасын үздіксіз бақылап отырған. Нәтижесінде ең көп қолданылатын кальций, C және D дәрумендері жүрек қан-тамыр жүйесінің қызметіне, инсульт пен жүрек ұстамаларына еш әсер етпейтіні дәлелденіпті.

Ал фоли қышқылы мен В дәрумені керісінше, жүрек қан-тамырларының ауруының таралуын азайтады.

"Пайдалы көкөністер мен жемістер жеп, диета ұстағаннан жақсы дәрумен жоқ. Осы күнге дейін зерттеу жұмыстары да одан асқан пайдалы заттың барын көрсетпеді", - дейді зерттеуші Дженкинс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1734304-agzaga-tk-pajdasy-zok-drumen-trleri-belgili-boldy/

pixel