RU

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын өнімдерді анықтады

Нидерланд университетінің ғалымдары адамның өмірін ұзартуда мейлінше пайдасын тигізетін өнім түрлерін атап берді. Олар ақуызды көп тұтыну арқылы жүрек жетіспеушілігінің алдын алады деп отыр. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Oxu.Az
Көрнекі фото: Oxu.Az: UGC

Зерттеу жұмыстарына Еуропаның 11 елінен келген 2 281 адам қатысқан. Олардың орта жасы 68 болыпты. Еріктілердің денсаулығы екі жыл бойы нәжісіне сараптама жасау арқылы тексерілген.

21 ай бойы күніне 40 грамнан аз ақуыз тұтынған адамдардың денсаулығы нашарлай берген. Ал күн сайын 70 грамнан аса ақуызы бар өніммен тамақтанатындар өлімі 18 пайызға азайыпты. Сонымен, зерттеу нәтижесінде жасы ұлғайып, бүйрек қызметі нашарлаған адамдардың өлім дәрежесі 46 пайызға жиі кездесетіні анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1734341-galymdar-adam-mirin-zartatyn-nimderdi-anyktady/