Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел мен ер адамның біз білмейтін ерекшеліктері қандай?

Опубликовано:

Қыз-келіншектер ер азаматтардан тек эмоционалдық тұрғыда және кино таңдауда ғана ерекшеленбейді. Олардың арасындағы жер мен көктей айырмашылықты зерттеушілер анықтап берді. Бұл туралы fiteria.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: fiteria.ru
Көрнекі фото: fiteria.ru: UGC

1. Әйелдер қанша тырысқанымен, олардың жетістікке жету ынтасы әлсіз болады екен. Себебі оның ағзасындағы гормондар өзгеше. Мәселен спорт залына барған әйел ер адам сияқты ауыр жаттығуларды үздіксіз жасай алмайды. Ол тез шаршап, жаттығу арасында демала бергенді жөн көреді.

2. Еркектерге қарағанда әйел адамның белінен төмен жағы спорттық жаттығуға бейім әрі мықтырақ болып келеді. Сондықтан аяқ пен бөксені жаттықтыру арқылы жылдам нәтижеге қол жеткізуге болады. Ал ер азаматтарға ұқсап қолының күшін көбейткісі келетін нәзік жандылар, екі есе көбірек жаттығу жасауы тиіс.

3. Әйелдерде зат алмасу процесі баяу жүреді. Сол себепті еркектер қанша көп тамақ жесе де толмайды. Ал қыз-келіншектер бірден салмақ қосып алатын көрінеді.

4. Тағы бір маңызды ақпарат, ешбір әйел заты анаболиялық дәрілерді ішпейінше, ер азаматқа ұқсап үлкен денелі, тұрпайы сымбатқа ие болмайды. Физикалық жаттығуды үздіксіз жасап тұру тек қосымша күш пен үйлесімді сымбат сыйлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1734702-jel-men-er-adamny-biz-bilmejtin-erekselikteri-kandaj/

pixel